Куанышбайулы Алинур

Рейтинг:

       Оның арманы – әлемді өзіне қаратқан футболшы болу. Бірақ бос уақытында, қанында тулаған қазақы мінез домбыра шертуді де ұмыт қылмайды. Жаңа күйлерді үйреніп, қара домбыраның қоңыр үнін шерте шығаруды әдетке айналдырған. Әңгіме Сарыарқа төсіндегі самалды өлкеде Еуразия жүрегіне айналған бас қала – Астананың арланы Қуанышбайұлы Алинұр жайында болмақ. Жасынан ұлттық өнердің ұлылығын ұғына білген ұлан – қазақ футболының тасын өрге домалатар өрендердің бірі.
     Қуанышбайұлы Алинұр 2010 жылдың 2 қыркүйегінде Астана қаласында Нұрғалиев Қуанышбай Жәумітбайұлы мен Құдайбергенова Қадиша Бақтығалиқызының шаңырағында дүние есігін ашқан. Нұрғалиева Мерей Қуанышбайқызы, Жәумітбай Анар Қуанышбайқызындай алдында үлгі-өнеге берген әпкелері мен Жәумітбай Мұрат Қуанышбайұлындай арқа сүйер ағасы бар. Олар қашанда кенже балаға қамқорлығын аямай, қолтығынан демеп жүреді.
      Бала күнінен өзгелерден ерек, болмысы бөлек болып қалыптасқан балғын еңсесі биік Елордадағы «Fastrackids» мектепке дейінгі дамыту орталығында тәрбиеленді. Қолына қалам ұстауға сақадай сай болған сабаз Астанадағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 2-сыныбында оқиды. Бос уақытын тиімді өткізуге дағдыланған балғын қосымша №3 балалар музыка мектебінде домбыра сыныбында тәлім алып жүр.
       Алғашқы марапатты Алинұр 2018 жылы 1-сыныпты үздік аяқтағаны үшін, қанжығасына байлады. Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған №3 балалар музыка мектебінің «V Мұрагер» мектепішілік жас музыкант-оқушыларының байқауында жеке орындау аталымында ІІІ орынға қол жеткізіп, дипломмен марапатталды. Ол бұл жетістіктерге тоқмейілсіген жоқ. Биікке жеткен сайын, қарапайымдылықты бойына жиған қарадомалақ республикалық ашық «ТОР-JARGAN-2018» ғаламтор олимпиадасында ағылшын тілі секциясы бойынша І орынның биігін бағындырды. Дәл осы додада ол тек бір пән бойынша ғана жеңімпаз болған жоқ. «Қазақ тілі» секциясы бойынша да қатарынан оза шауып, І орынға табан тіреді.
      Білім бәйгесінен бөлек, спорттық сайыстарда да біршама белестерді бағындырды. Астана қаласының Дәрмен Сәдуақасовтың академиясында шахматтан ІV разряд квалификациясын еншіледі. Астана қаласының «BI-EXPO JUNIORS» футбол тобының мүшесі. Қалалық деңгейде өткен командалық футбол жарысында 2018 жылы өткен сайыстың күміс жүлдегері атанды.
        Болашақта қазақ футболының көсегесін көгертіп, Тимур Сегізбаевтар салған сара жолды жаңғыртқысы келеді. Португалиялық ойыншы Роналдоны өзіне үлгі қылатын ол «қазақтың Роналдосы» болуды армандайды. Көк байрақты әлем көгінде желбіретіп, қазақ атын шығарғысы келеді. Оның қай істе де ұлтжандылығы көрініп тұрады. Себебі, үкілі домбыра қолынан түскен емес!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости