Сабырхан Зарина

Рейтинг:

«АРМАНДАРЫМНЫҢ БАРЛЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАМЫН!»
 
      Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет», – дейді. Расында да, жас буынның білімге құштарлығы мен қызығушылығы – отбасында алған тәлімді тәрбиесі мен мектептегі жан-жақты жетілген оқушы болмысынан бастау алары айқын. Шаңырағының шаттығы Сабырхан Зарина Ширинханқызы 2003 жылы 18 маусымда Қазақ Елінің бас шаһары – Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келді. 
      Жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп қана қоймай, өмірдің сан тарау жолында бағыт-бағдар беру – ата-ананың бұлжымас парызы. Отбасында өнегелі тәлім алып, тарауы мол белесті жолға өжеттілігі мен білімділігін серік етіп шыққан дарынды ару Зарина – тумысынан ерекше көркем мінездің иесі. Ол – даналықтан дән алатын, білімнен бақыт игілігін іздейтін ұлы халықтың жалғасы. Өнегелі отбасының перзенті.
      «Адамгершілік асыл қасиет – ізгіліктің бастауы. Көркем мінезді болсаң, сәттілік есіктері өзінен-өзі ашыла түспек. Біліміңді ізденіспен ұштастыра түс. Бір ғана салада тоқтап қалма, шыңға жетуге жан-жақтылық маңызды», – деп айтып отыратын ата-анасының ақылына сусындап жүрген Зарина – арманшыл, мақсатшыл балауса.
      Отбасының тірегі мен қамқоры, асқар тау әкесі  Ширинхан – темірдей тәртіпке бағынған әскери қызметкер, абыройлы азамат. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қанатты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған азаматтардың бірі. 
      Жанұяның ұйтқысы болып жүрген жайсаң мінезді, шуағы мен шапағаты мол мейірбан анасы нәзік жандылар үшін сирек таңдалатын мамандық иесі, яғни құқық қорғау органының офицері қызметінде.
      «Білімсіз – өмір тұл». Адамзат баласы – бір-бірінен ақылының кеңдігі, білімінің тереңдігі арқылы ғана озбақ. Ғасырлардан-ғасырларға жалғасқан өзгермес қағида –  осы! Егер шәкірт  өмірінде мықты ұстаз кездессе, оның білім бағытындағы биіктерден көрінуі – заңды құбылыс. 
      Ғаламдық өркениет дамудың озық үлгісіне көшті. Сондықтан рухы биік елдің ұландарын тәрбиелеп отырған ата-аналар да өз перзенттерін тың серпіліспен, оқуға деген зор құштарлықпен қалыптастарып жетілдіруде.
      Шашын жел тарап, маңдайын күн сүйген кекілді қыздың мектепке барар кезі де келіп жетті. Оқуға құштар Зарина туған қаласындағы беделді білім ордасы №52 мектеп-гимназияның есігін тарыдай боп аттап, шәкірттер қатарына қосылды. Сол кезден бастап-ақ бантигі желбіреген өрелі өрен мектепке баруға асығып тұратын болды. Осы мектепте ол бастауыш білімді игеріп, «өте жақсы» оқитын озат оқушылардың қатарына енді.
      Инемен құдық қазғандай білім алуда алғыр Зарина ерекше ынтызарлық танытып, бар ынта-ниетімен оқуға кірісті. Білімнің пайдасын жақсы түсінген талапшыл шәкірт мұғалімдердің берген тапсырмаларын дер кезінде орындап, əрбір сабаққа тыңғылықты дайындалып, оқу бағдарламасын игеруде табандылық танытты. 5-сыныптан бастап білімпаз шәкірт Нұр-Сұлтан қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясына қабылданып, білім алуын әрі қарай жалғастырды.
      Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік Зарина өз бетінше ізденіп, дүниетанымдық іс-шаралар мен шығармашылық байқауларда да өз қабілетін айшықтап көрсете алды. Мектептен тыс уақытта да белсенді болып, өзіне көптеген жаңа достар да тапты.
      Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Балалық кезеңінен үлгілі тәрбие көріп өскен кез-келген жас буынның мектеп қабырғасында сапалы білім алып, нәтижелі еңбекке қол жеткізетіні – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Біздің талантты досымыз Зарина Ширинханқызы да алған терең білімін жан-жақты жетілдіріп, додалы сайыстарда дәлелдеп келеді.
      Сабырхан Зарина – талабы таудай, өнері айдын көлдей мөлдір, талантты жас. «Мәртебең биік болса, алыстан көреді. Жақының да, жатың да иіліп сәлем береді», – дейді халық даналығы. Абыройы асқақ, руханият әлеміне жақын өнерлі ару Зарина – елордадағы №3 Саз мектебінің фортепиано класын үздік тәмамдап, жетістікке қол жеткізді. 
      Дана халқымыз «Бала – шамшырағың, көзіңнің нұры» деп текке айтпаса керек-ті. Жастайынан зерек, тәрбиелі болып  ержетіп келе жатқан ата-анасының шамшырағы Зарина бақыттың кілті – білімде екенін түсінді. 
      «Талап қыл артық білуге, Артық ғылым кітапта. Ерінбей оқып көруге» деген данышпан Абайдың сөзін басшылыққа ала отырып,  күнделікті сабаққа мұқият дайындалып, әрбір күнін   біліммен толықтыруға арнайды. Көптеген білім бәйгелерінің жүлдегері болып жүрген Зарина Ширинханқызы биология, география, орыс тілі пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарды иемденген.
      Ізденіс адам баласын шыңдайды. Биікке талаптанған әрбір жан өмір мектебінің алғашқы баспалдақтарынан өтеді. Заринаның алғырлығы мен зеректігі оны басқа балалардан қашан да ерекшелеп тұрады. 
      Жаңа ғасыр – жаңа технологиялар дәуірінде ол кішкентай кезінен компьютерді меңгере бастады. Игілікті қадамы әлемнің жаңа қырын тануға тың серпін бере бастады. MS Office (Exсel, Word, Powerpoint) бағдарламаларымен еркін жұмыс жасай алатын зерек қыздың тіл үйренуге деген құлшынысы зор. Зарина ана тілінен бөлек орыс, корей, қытай тілдерін шебер меңгергендердің қатарында.
      Ұлы жазушы Л.Толстой: «Тәрбие дегеніміз – тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын менгеруге бағыттау мақсатында бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы», – дейді. Мәнерлеп оқу мен шығармашылық қабілетіңді шыңдай отырып жазба жұмыстарын жазу – үлкен дарынды қажет етеді. Тыңдар жанның жүрегінен орын алу мен әсем сөз маржандарынан айтар ойыңды жеткізу де өнердің көзге көрінбес бір бөлігі. Зарина жыр жауһарларын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқудың да шебері.
      Өнерлі ару Зарина – салауатты  өмір салтын ұстанып, дене сымбатына көңіл бөлетін заманауи жастардың бірі.
      Бос уақытында кітап оқып, музыка тыңдап, отбасылық кештерде фортепианода ойнауды ұнататын ару қыз анасына көмектесуге де уақыт табады. Болашақта көп тіл білетіндігін пайдаланып, аудармашы мамандығын меңгеруді жоспарлап қойған.
 
          «Мен жанбасам лапылдап, 
          Сен жанбасаң лапылдап,
          Біз жанбасақ лапылдап,
          Аспан қалай ашылмақ?..» деп, шығыстың шырайлы данышпаны Назым Хикмет айтқандай, жалыны мен жігері лапылдап тұрған жастардың қатарындағы Сабырхан Заринаның  асқақ арманы – ата-анасы мен ұстаздарының үкілі үмітін ақтап, оқуын жоғары көрсеткішпен аяқтау. Жоғары білім алып, өзі қалаған мамандықтың шебері атану. Біз де Заринаның алар асуы асқаралы, шығар шыңы биік боларына сенеміз. 
Тек сол жолда арманың аласармасын, дарынды жас!

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Жулдыз- 4 апреля 2020 21:25
Жарайсың, болашағың жарқын болсын!


Жулдыз- 4 апреля 2020 21:26
Жарайсың, болашағың жарқын болсын!

Жулдыз- 4 апреля 2020 21:26
Жарайсың, молодец!

Жулдыз- 4 апреля 2020 21:28
Жарайсың, молодец

Рахметова Роза Сұлтанқызы- 4 апреля 2020 21:36
Алға бақыты бол.... 

Венера Батырова- 4 апреля 2020 21:51
Зарина көздеген мұрат — мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер.

Анара- 4 апреля 2020 22:07
 Кросотка ребёнок 🌹🌹🌹😘😘😘🌟🌟🌟⭐⭐⭐👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻🥰🥰🥰👏👏👏

Ардак- 4 апреля 2020 22:11
Өркенин өрге жузсин!😘👏👏👏

Назира- 5 апреля 2020 00:00

Жарайсың алға 

Дархан- 5 апреля 2020 09:57
Умница, красавицам.

Роза- 5 апреля 2020 11:58
Жетістіктерге жете бер Зарина,тек алға!

Берик- 7 апреля 2020 09:01
Жарайсың Зарина біліміңді шыңдай бер жемісін көр 

Бану- 9 апреля 2020 19:11
  Зарина жарайсың, жеңіс тұғырынан көрейік, өте керемет жазыпсың , тек қана алға!!!

Айгуль- 23 мая 2020 12:43
Зарина жарайсың!
Аңсаған армандарыңның иесі болуыңа тілектеспін. Сенің қолыңнан келеді!

Айгуль- 23 мая 2020 12:46
Зарина керемет!
Осы қалпыңнан айныма, міндетті түрде армандарың орындалады.

Последние новости