Досберген Жалғас

Рейтинг:

«АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ – ӘЛЕМНІҢ КІЛТІН 
ҚОЛЫҢА ҰСТАҒАНМЕН БІРДЕЙ»
 
      Өзінің спортқа деген қабілетін байқатып қана қоймай, сабақта да үздіктер қатарынан көрініп жүрген Жалғас Абайұлы 2010 жылдың 10 наурызында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Ақшұқыр ауылында дүниеге келді. Теңізі берекесін кіргізген өңірде балалығын өткізіп, кішкентайынан қоршаған ортаны танып-білуге ұмтылған бала ауылдағы М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының даярлық тобында қолына қалам ұстады. Бойындағы алғырлығымен, қабілетімен қатарластарының алды бола білген дарынды жас – М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 4 «В» сынып оқушысы. Жалғас үлкен әулетте тәлім тәрбие алған әдепті бала. Көпті көрген, ағайынның құрметіне бөленген ата-әжесі Досан мен Саташтан өнегелі тәлім алып, сол кісілердің ақыл-кеңесін тыңдап, тәрбиелі болып өсіп келеді. Апасы Түркебайқызы Заған – шаңырақтағы бүлдіршіндердің зерек, алғыр болып өсуіне, тағылымы мол тәрбие алып, ержетуіне үлкен үлес қосқан мейірбан жан. Асқар тау әкесі Абай мен ақжарқын көңіл, жібек мінезді анасы Гүлмира – боламын деген баланың бойына адамгершілік пен адалдықты сіңіре білген асыл жүректі жандар. Ақ көңіл, бауырмал, мейірімді, әдепті Жалғастың сүйкімді де сүйікті бауырлары бар.       Балабақшада жүргенде қос таяқшаны қосып-алып, есеп шығару қабілетін шынықтырып үйренген өрелі өрен математика пәнінен мектепішілік өткізілген сайыстарда жүлделі орындардан көрініп, мұғалімдердің көзіне түсе білді. Мінезі ашық, ақжарқын оқушы достарының арасында сыйлы. Жетістікке жетудің жалғыз жолы жалықпай ізденіп, еңбектеніп, өзіңе сену деп санайтын жас математик қазақтың атын мәшһүр жұртқа танытар ақыл мен қайратты тең ұстаған азамат болуды, ағылшын тілін тереңінен меңгеруді алдына мақсат етіп қойған. Оның болашағының жарқын боларына тәлім берген ұстаздары мен әркез тілеуін тілеп отырған ата-анасы, қолдау көрсетіп жүрген достары үлкен үмітпен қарайды. Өзін жақсы жағынан көрсетіп, мектептің алдыңғы қатарлы оқушыларының бірі бола білген Жалғастың  талай асулар мен биіктерді бағындырары анық.
      Жетістігі: 2016 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамының ұйымдастыруымен Интернет арқылы қашықтықтан өткізілген оқушыларға арналған математика пәні олимпиадасына қатысып, I дәрежелі Диплом иемденген. 2016 жылы infourok.kz сайтының ұйымдастыруымен өткізілген «Мириады открытий» Халықаралық байқауында «Сказка – лучший друг» мектепке дейінгі санаты бойынша I орын жүлдегері атанды. 2018 жылы мектепішілік «Табиғат та бір кітап, оқи алсаң, шіркін-ай!» атты апталыққа белсене қатысып,  «Гербари» жұмыстары бойынша ерекше өнерімен дараланғаны үшін Бас Жүлде иегері атанды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік төрінде – 25 жыл» атты мәнерлеп оқу байқауында көзге түсіп, II дәрежелі Диплом алып, мерейі үстем болды.
      Сүйікті ісі: Музыка тыңдау, домбыра тару, ағылшын тілін тереңірек үйрену.
      Арманы: Жоғары білім алу, өрт сөндіруші және геолог мамандықтарын меңгеру.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости