Жаңбырбай Абдурахим

Рейтинг:

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ, МАҚСАТЫ БИІК ЖАС ҒАЛЫМ
 
      Тылсым сырын бүгіп жатқан әлемнің ішіне үңіліп, ел экономикасына, халыққа қызмет ететін жаңалық ашуды көздеп жүрген жас ғалым, қабілетті оқушы Абдурахим Ерболұлы 2006 жылдың 24 тамызында Көкшетау қаласында дүниеге келді. Ақындардың әніне, суретшілердің үздік туындысына арқау болған, сұлулығына көз тоймайтын, табиғатымен әйгілі өлкеде дүниеге келіп, қызыққа тоймайтын балалығын өткізген Абдурахим қанша мақтасаң да аздық ететін білімді де, талапты шәкірт. Жас болса да ішкі сырын сыртқа шашпай, тас-түйін болып жатырған ғылымның тұңғиығына көз жіберіп, жаңалық ашуды алдына мақсат етіп қойған бала Көкшетау қаласындағы Сәкен Жүнісов атындағы №18 қазақ орта мектебінің оқушысы.
       Арқырай ағып жатқан бұлақтар мен өзендер тұма бастауы мен тау мұздықтарынан алатыны секілді, ұлы арманға қол созып ел экономикасының өркендеуіне сеп болар ғылым әлемінің табалдырығын аттаған Абдурахимның да тәрбие бастауы – төріне қыдыр қонып, құт ұялаған жанұясында жатыр. Әкесі Мурзатаев Ербол адалдықты ту етіп, ардайым адами қасиеттерді бағалауға, еңбекқор болуға баулыса, жүрегіне мейірімділік нұрын себелеп, махаббат құшағына бөлеп келе жатқан анасы Мурзатаева Гүлнұр – әулеттің береке-бірлігін кіргізіп отырған аяулы Ана. Үлкенге құрметі, кішіге ізеті бөлек, әдепті де тәртіпті Абдурахимның ізінен ерген Мұстафа және Амира есімді іні-қарындастары бар.       Үлкеннің алдын кесе көлденең өтпейтін ізетті, тәрбиелі, кісі көңілін қалдырмайтын ақ көңіл, бойында жігітке тән мәрттік пен досқа деген адалдығы сезіліп тұратын, сертке адал Абдурахим, достары алдында сыйлы, беделді оқушы. Сынып ішінде өткізілген пән сайыстары мен сынып сағаттарына белсене араласып, өзін жан-жақты қырынан көрсете білетін өте қабілетті жас. Мұғалімнің айтқанын тез қағып алатын қағілез, интеллектуалды сайыстарда зейінінің мол екенін дәлелдеп жеңісті жұлып алатын жеңімпаз, қысылтаяң шақта тез әрі дұрыс шешім қабылдай білетін, сабырлы да салмақты Абдурахим – болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушы. Қандай ортаға барса да еркін араласып кете беретін ашық мінезді, өзіне жүктелген істі уақытында әрі, тиянақты орындайтын жауапкершілігі мол, сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуге тырысатын Абдурахимнің үлкен азамат болып шығатынына ата-анасы мен мұғалімдерінің сенімі мол. 
      Жетістігі: 2018 жылы «Зерде» шығармашылық жобалар және зерттеу жұмыстары облыстық байқауына белсенді қатысқаны үшін Сертификат, 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» шығармашылық жобалар және зерттеу жұмыстары қалалық байқауынан I орын, «Зерде» шығармашылық жобалар және зерттеу жұмыстары қалалық байқауында «Математика, информатика» секциясы бойынша үздік білімі мен біліктілігі үшін III дәрежелі Диплом иегері.
       Сүйікті ісі: Кітап оқу, футбол ойнау.
       Арманы: Жоғарғы оқу орнына түсіп, ата-ананың үмітін ақтау.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости