Тағайбек Ислам

Рейтинг:

«ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК ИЕСІ»
 
      Тағайбек Ислам Ерболұлы 2008 жылы 30 шілдеде дүниеге келген үлкен әулеттің перзенті. Қос әжесі Ибадуллаева Есенкүл Қанайқызы мен Базарбаева Зулкия Табылқызының құшағында еркелей өсіп, олардың қуанышын еселей түсті. Бауырмал, тілалғыш Ислам танымдық қабілетін дамыту үшін елордадағы №53 «Мерей» балабақшасының табалдырығын қуана аттады. Тәрбие ортасынан түлеп ұшқан зерделі Ислам бұл күнде №66 мектеп-гимназиясының 5 «В» сыныбының оқу озаты, белсенді шәкірттердің қатарында. Шаңырақтың мәуелі бәйтерегіне айналып отырған әжелері, ардақты әкесі Ибадуллаев Ербол Тағайбекұлы мен асыл анасы Базарбай Гүлнара Жарылқасынқызы, қамқор ағалары Еркебұлан мен Жасұлан, қарындастары Аделя, Жания дарынды Исламның жаңа бастамаларын қолдап, оны мақтан тұтып, үнемі жақсылыққа бастап жүреді. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып, бос уақытында интеллектуалдық ойындар ойнап, музыка тыңдайды.
      Жетістігі: 2017 жылы 2-сыныпты «өте жақсы бітіргені үшін» Мақтау қағазының иегері, Халықаралық «Пони» турнирының қатысушысы Сертификаттары, Қашықтық Халықаралық Монопәндік жарыс бойынша Қазақ тілі пәнінен ІІ дәрежелі Диплом иегері. Білімпаз шәкірт Ислам Ерболұлы  Математика пәні бойынша Халықаралық Монопәндік жарыста І және ІІ орындарды иемденіп, ІV Республикалық студенттер арасындағы менталдық арифметиканың Халықаралық Академиясы ұйымдастырған жарыстың қатысушысы және І дәрежелі Диплом иегері. Халықаралық «Весенний Олимп – 2017» бүкілресейлік математикалық конкурсына қатысып, ІІ дәрежелі Диплом алып, биіктен көрінді. Мектепішілік шағын футболдан өткен мектеп лигасының жүлделі ІІ орын иегері.
      Сүйікті ісі: Футбол және кикбоксингпен шұғылдану, интеллектуалды ойындар ойнау, қосымша білімін жетілдіру.
      Арманы: Терең білім ала отырып, актер, журналист, әнші болуды қалайды.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости