Ақбота Көпжасар

Рейтинг:

      Ақбота Көпжасарқызы – талабы таудай, өнері айдын көлдей мөлдір, талантты өрен. 2007 жылы мамыр айының 21 жұлдызында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бүгінде білімге жаны құмар, өнерпаз Ақбота Қызылорда қаласында №140 қазақ орта мектебінде білім алады. Кітапқа арнайы уақыт бөліп, бос уақытында анасына үй шаруасымен көмек қолын созады. Осы уақытқа дейін алған жетістіктерінің арқасында мектепте үлгілі оқушылар қатарынан орын алған. Кітапқа жаны құмар Ақбота бос уақытында да кітап оқығанды жақсы көреді. Кітапханадағы іс-шараларға да белсене қатысып, көптеген марапаттар иесі атанған. Олардың ішінде: алғыс хаттар, сертификат, марапаттар тізімі айтарлықтай көп десекте айып етпес. Болашақта Ақбота Көпжасарқызының өнер жолында сан қырлы талантын ұштап, жарық жұлдызға айналары сөзсіз. Оның себебі, талай мәнерлеп оқу сайыстарында бой көрсетіп, дүйім жұртқа өзін таныта білген Ақботаның болашағынан зор үміт күтілері айдан анық екені сөзсіз.
      Сүйікті ісі: кітап оқығанды жақсы көреді. Оған өзінің мәнерлеп оқу сайыстарынан алған түрлі марапаттары кепіл бола алады.
      Арманы: жоғары білім алып, білікті мама иесі атану. Ата-анасының үмітін ақтап, мектепті алтын белгіге бітіріп, жоғарғы оқу иесі атанғысы келеді.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости