Гүлсезім Құрамаева – ойы ұшқыр, қиялы жүйрік, дара қабілетті. 2010 жылы қазан айының 4 жұлдызында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының, Сұлутөбе аулында дүниеге келген. Бүгінгі күні Сұлутөбе ауылының №41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектептің белсенді оқушыларының бірі. Ардақты әжесі Алтынбаева Доқтұркүл мен аяулы анасы Құрамаева Қарлығаш сұлу балапанының жарқын болашағына сенеді. Бәрінен артық көретін сүйкімді сіңілдері: Кәусар мен Несібелі – әрдайым отбасының абыройы мен беделін асқақтатып жүрген тәрбиелі өрендер.Асыл әжелері Доқтұркүл апайдың бала тәрбиесіне келгенде еңбегі
орасан зор десекте артық етпес. Немерелерінің жарқын болашақ иелері атанып, талаптарының таудай болуына бар үлесін қосып, өнегелі де, инабатты ұрпақ тәрбиелегені үшін алғысымыз шексіз.Гүлсезім кітапқа арнайы уақыт бөліп, бос уақытында анасына үй шаруасымен көмек қолын созады. Осы уақытқа дейін алған жетістіктерінің арқасында мектепте үлгілі оқушылар қатарынан орын алған. Біршама іс-шараларға да белсене қатысып, көптеген марапаттар иесі атанған. Олардың ішінде: алғыс хаттар, сертификат, марапаттар тізімі айтарлықтай көп десекте айып етпес. Болашақта Гүлсезімнің өнер жолында сан қырлы талантын ұштап, жарық жұлдызға айналары сөзсіз. Оның себебі, талай мәнерлеп оқу сайыстарында бой көрсетіп , дүйім жұртқа өзін таныта білген Гүлсезімнің болашағынан зор үміт күтілері айдан анық екені сөзсіз. Осы жетістіктеріне жетуге себепші болған жандардың бірі – Арыстанбекова Шынар. Шынар апайы – білікті ұстаз, Гүлсезімге үлесін қосып, бар білгенін үйретіп, тәрбиені бойына сіңіріп жүрген тәжірибелі маман иесі. Дарынды қыз достықты жоғары бағалайды. Кез-келген жанмен тез тіл табысады, оның достары өте көп.
Сүйікті ісі: би билеу, кітап оқу, домбараға қызығушылық танытады. Алдағы уақытта домбыра үйірмесіне қатысқысы келеді.
Мақсаты: жоғары білім алып, білікті мама иесі атану. Ата-анасының үмітін ақтап, мектепті алтын белгіге бітіріп, жоғарғы оқу иесі атанғысы келеді.
Арманы: Тәуелсіз Қазақстанның дарынды жастары қатарында болып, кемел білімі мен кәсіби біліктілігі ұштасқан саналы тұлға болуды армандайды. Әулеттің атын жақсы қырынан танытып, перзенттік парызын өтеу де – азаматтық мақсаты. Елі мен жерінің қамын ойлап, халқының қалаулысы, елінің елеулісі ретінде танылып, министр қызметін атқару.