Шапагатова Камила

Рейтинг:
«МАҚСАТҚА ЖЕТУДІҢ ЖОЛЫ – БІЛІМ МЕН ІЗДЕНІС ДЕП БІЛЕМІН»
 
      «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген ұстанымдағы тәрбиелі, көркем де келісті өрен. Тумысынан зерек, өнерге біртабан жақын Шапагатова Камила 2003 жылы 8 қарашада ақындар жырға қосқан Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында өмір есігін ашқан. Жақсылыққа талпынып, жан-жағындағыларға қуаныш сыйлап, асыл қасиеттерді бойына жинап өсіп келе жатқан Камила – отбасының шамшырағы, ата-анасының сенімі мен үміті. Қазыналы қарттары, ұлағаты мен парасаты мол нағашы атасы Иманкулов Абильжан Абикенұлы – Еңбек ардагері, еңбек жолын механикалық зауытта 1964 жылы бастап, 2010 жылға дейін үздіксіз еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көруде. Мейірімі шексіз, шуағы мол әжесі Шапагатова Кайнел Газизқызы – «Еңбек ардагері» медалінің иегері, 44 жыл педагогика саласында қызмет еткен ұлағатты ұстаздар қатарынан. Асқар таудай биік, қамқор әкесі Шапагатов Манарбек Каиргельдіұлы – полковник шеніндегі азаматтық қорғаныс саласының қызметкері, абыройлы азамат. Ажарына ақылы сай аяулы анасы  Шапагатова Дана Абильжанқызы – облыстық Қазынашылық департаментінің қызметкері. Зерек, зейінді өрен Камила көркем гимнастикамен шұғылданады. Қазіргі кезде оқуға ынталы, білімге құмар, руханиятқа жақын шәкірт Камила Манарбекқызы Көкшетау қаласындағы №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының 10-сыныбында білім алуда.
      Жетістігі: Камила Манарбекқызы – 1-8 сыныптарды «өте жақсы» оқығаны үшін «Мақтау қағазымен» марапатталған оқу үздігі, мектеп мақтанышы. 2011 жылы көркем гимнастикадан Ақмола облыстық Чемпионатында 16.0 балл көрсеткішімен ІІІ орынды жеңіп алды. 2013 жылы көркем гимнастикадан «Весенние ручейки» Халықаралық турнирінде жүлделі ІІІ орын үшін марапатталды. Степногорск қаласында өткен көркем гимнастикадан ДЮСШ біріншілігіне қатысып, І орын жеңімпазы атанды. 2017 жылы менталды арифметика бойынша 2 бірдей  Республикалық ІV және V олимпиададан ІІ және ІІІ орын жүлдегері, Диплом иегері. Түркия мемлекетінде өткен менталды арифметикадан Халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІІ орынмен ІV деңгейге көтеріліп, Диплом иегері атанды. 2017-2018 оқу жылында қалалық пәнаралық олимпиадаға Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысып, жоғары білім деңгейімен ІІ дәрежелі Диплом иегері атанды. 2018 жылы Қ.Сәтбаев атындағы химия пәні олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІ орынмен ІІ дәрежелі Диплом иемденді. 2018-2019 оқу жылында қалалық пәнаралық олимпиаданың Орыс тілі пәні олимпиадасына қатысып, сапалы білім нәтижесін көрсеткені үшін І дәрежелі Диплом иегері атанды. 2019 жылы өткен гимназияішілік «Интеллектуалдық марафон» бойынша жоғары сыныптар арасындағы ІІ орын жүлдегері. «Менталды арифметика» курсының емтиханын сәтті тапсырғаны және Х деңгейді бітіргенін растайтын Сертификатты иемденді. 10-сыныпта  «Путешествие в город Профессий» тақырыбымен өткен Ouest-ойын 2019 жыл бойынша Мадақтамамен марапатталды.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, музыка тыңдау, шет тілдерін үйрену.  
      Арманы: Алтын ұя мектебін ойдағыдай бітіріп, жоғары білім алу. Экономика саласында еңбек етіп, жақындарын қуанышқа бөлеп, елінің мақтанышына айналу.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости