Шангереев Қасымхан

Рейтинг:

«БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ЕЛ ЕРТЕҢІ»
 
      Жаңашыл, талапшыл, мақсатшыл оралдық жас Шангереев Қасымхан  Ерғалиұлы 2005 жылы 16 қазанда Орал облысы, Тасқала ауданында дүниеге келді. Қазақстан қалаларына зәулім үйлер мен емхана, балабақшалар мен ойын-сауық орталықтарын салып, Қазақ елінің өркендеуіне үлес қосатын құрылысшы-архитектор болуды арман еткен дарынды баланың ардақты әкесі  Сытдыков Ерғали Шангерейұлы баласының бастаған ісін әркез құптап, демеп келеді. Әкесі жоғары білімді маман, құрылыс саласының майталман шебері. Мейірбан анасы Сытдыкова Зергүл Серикқызы абырой мен үміт арқалап жүрген ұлының тілекшісі. Қолына алған істі ұршықша айналдырып алып кететін өрелі өрен Қасымхан – отбасының кенжесі. Алдында арқа сүйер ағасы Ерсінғали мен жанашыр әпкесі Алтынай бар.  Ағасы Ерсінғали Ерғалиұлы – жоғары білімді маман, ұлағатты ұстаз. Үлгі тұтар әпкесі Алтынай Ерғалиқызы 2018 жылы «Педагог жане Психолог» мамандығын үш тілде алып шығып, университет қабырғасында мемлекеттік конкурстарға катысып, жүлделі орындарды иемденген жеңімпаз. Қасымхан осындай жетістікке жеткен әпкесін жақсы көреді және мақтан тұтады. Зерек, алғыр балдырған Тасқала ауданындағы «Ақбөпе» балабақшасында тәрбиеленіп, таным көкжиегін кеңейтіп, Қ.Сәтбаев атындағы мектептің даярлық тобына қабылданып, білім әліппесінің алғашқы парағын ашты. 2012-2015 жылдар аралығында бастауыш сыныпты «Өте жақсы» деген бағамен бітіріп, «Сәулет» мектеп-лицейінің шәкірті атанды. Қазіргі таңда Қасымхан 8-сыныпта оқып жүр. Оқуда озат, сыныпта белсенді, мектепішілік іс-шаралар мен интернет арқылы қашықтықтан өткізілген пән сайыстарына қатысып жүретін ізденімпаз шәкірт Қасымхан болашағынан көп үміт күттіретін алтын асықтай ұл.
      Жетістігі: І Республикалық Ш.Уәлиханов қашықтық олимпиадасына қатысып, өзінің білімін, жалпы эрудициясын көрсеткені үшін Мақтау қағазымен марапатталған. «Кенгуру – математика для всех» Республикалық интеллектуалдық конкурсының Сертификат иегері. Математика пәнінен Ұлттық Интернет Олимпиадасының жеңімпазы атанып, І дәрежелі Диплом иегері атанды. Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінде ағылшын тілі бойынша І дәрежелі Диплом иемденген. Жас өркен Қасымхан Алғыс хат иегері, 2017 жылы Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін насихаттау мақсатында өткізілген «Қадыр оқулары» бойынша Мадақтамамен марапатталып, мерейі үстем болды. Республикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық ағылшын тілінен «British Bulldog» конкурсының қатысушы Сертификаты иегері, 2018 жылы ІІІ дәрежелі Диплом иегері. 2019 жылы Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңінде математика пәні бойынша ІІ дәрежелі Диплом иемденген. 
      Сүйікті ісі: Волейбол ойнау, ағаштан түрлі мүсіндер жасау, білімін жетілдіру.
      Арманы: Сәулет өнерінің және білім саласының майталман маманы болу.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости