Хамей Мағжан

Рейтинг:


«ӨЗІНЕ ДЕ ӨЗГЕГЕ ДЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙТЫН ҰЛАҒАТТЫ ҰЛ»
 
      «Жетістікке жету үшін рухани және материалдық құндылықтарды ұштастыра білу қажет деп есептеймін» деген пікірдегі білімге құштар, жақсылыққа жақын, спортқа бейім өрен. Хамей Мағжан маңғаз таулары, биік белестері бар қасиетті мекен Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында мерейлі отбасында өмір есігін ашып, тағылымды тәрбиеге сусындауда. Биік болмысты, дархан жүректі әкесі Махамбетов Нұрлыбек Хамейұлы  мен жібек мінезді, нұр сипатты мейірбан анасы Махамбетова Раушан Куттымуратқызы – жарасымды жұп. Мағжан – төрт ағайынды баланың ең кішісі. Алдындағы жақсы көретін жанашыр әпкесі Маржан өзінен кейінгілерге жақсы үлгі көрсетуде. Бауырмал, адамгершілігі мол Мағжанның Ғалымжан, Сатжан, Мейржан есімді арқа сүйер ағалары бар.  Балдырған шағында «Интелект-сити» білім беру орталығында тәлім алып, әдеп әліппесін үйреніп, мектепке дейінгі дайындықтан өтті.  Білім әлемінде бағдарын айқындап жүрген Мағжан қайда жүрсе де ата-анасының үмітін ақтап, халықтың алғысын алуды қалайды. Қазіргі таңда «Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ» деген ұстанымды басшылыққа алған саналы Мағжан Нұрлыбекұлы Жаңаөзен қаласындағы мектеп-лицейдің 5 «Ә» сыныбында  білім алуда. Салауатты өмір салтын ұстанатын ізденімпаз, ұғымтал өрен қосымша білімін жетілдіріп, спортпен шұғылданып, мектептегі жауапкершілігі мол, білімпаз, белсенді оқушылардың қатарын толықтырып жүр. 
      Жетістігі: Хамей Мағжан –  1-4 сыныптарды Мақтау қағазымен бітірген озат оқушы, сыныбының мақтанышы. 2017 жылы «Nalanda – 2017» Халықаралық Онлайн олимпиадасына қатысып, Қазақ тілі, Математика, ағылшын тілі пәндері бойынша жақсы нәтиже көрсеткендігін растайтын Сертификат иегері атанды. Бастауыш сынып бойынша Ағылшын тілінен  өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының жеңімпазы. Қалалық 1-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» шығармашылық зерттеушілік жобалар және шығармашылық жобалар байқауында экология, валеология секциясы бойынша ІІ орын жүлдегері атанып, Диплом иемденген.  2019 жылы білімпаз оқушы Мағжанның ата-анасына Алғыс хат табыс етілді. 2019-2020 жылы Дарын бағыты бойынша 5-сыныптар арасындағы ұйымдастырылған «Ғажайыптар алаңы» викториналық сайысына белсене қатысқаны үшін Мадақтамамен марапатталған Мағжанның шығар биігі әлі алда.
 
      Сүйікті ісі:  Тарихи фильмдерді көру, білімін жетілдіру, спортпен шұғылдану.
      Арманы:  Білікті маман, өз ісінің шебері болып, халыққа қалтқысыз қызмет ету.



Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости