Убайдуллаев Аянат

Рейтинг:

«БОЛАШАҒЫМНЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАРЫНА СЕНЕМІН»

      «Оқу – ой азығы, Жаттығу – тән азығы» деген ұстанымдағы өрелі өрен. Ақкөңіл, көпшіл, бауырмал Аянат Еримбетұлы  Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында өнегелі отбасында 2009 жылы 6 наурыз күні өмір есігін ашқан. Текті әулеттің тәлімді тәрбие алған саналы ұрпағы Аянат ата-анасының шексіз махаббатына бөленіп, балалықтың бал дәмін татып, ертеңгі күнгі сеніммен қарайтындардың қатарында. Ер мінезді, биік болмысты әкесі Демеубаев Еримбет Убайдуллаұлы мен жүрегі дархан, көңілі көркем анасы Нуримова Майрагул Исақызы – бала тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, перзенттеріне тәлімді тәрбие  беруде. Алғыр Аянат – отбасының кенжесі. Алдындағы үлгі тұтар жанашыр әпкелері Айгул мен Лаура сүйкімді інілеріне қамқор болып жүреді. Арқа сүйер ағасы Саламат – Аянаттың болашағына үлкен сеніммен қарайды. Кемел келешектің алтын қақпасында заманауи сәулетші-архитектор болуды қалайтын зерек ойлы ұлан жасынан жақсылыққа құмар, білуге құштар, спортқа жақын болып өсіп келеді. Тумысынан зерек ұл өзгелермен тез тіл табысып, араласып кетеді. Үлкенге қолғанат, кішіге қамқор болуға әзір тұратын елгезек, мейрімді өрен жақсы қасиеттерді бойына жинап, білімге деген ыстық ықыласымен №12 орта мектептің 1-сыныбының табалдырығын аттады. Қазіргі таңда Жаңаөзен лицей-мектебінің алғыр оқушысы. Ашық мінезді жайдары Аянат – білімпаз оқушы, сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік ұлан сурет салғанды, мәнерлеп оқуды, музыка тыңдауды ұнатады. Алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге тырысатын талапшыл шәкірт салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатарында. Қазіргі таңда Аянат Еримбетұлы аталмыш білім ордасының 5 «А» сыныбында оқып жүр.
      Жетістігі: Убайдуллаев Аянат бастауыш сыныптарды «өте жақсы» оқығаны үшін Мақтау қағазымен марапатталған үздік оқушы. 2019 жылы Менталды арифметика бойынша қалалық олимпиаданың І орын жеңімпазы, Диплом иегері.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, достарымен бірге уақытты көңілді өткізу.
      Арманы: Жоғары білім алу, архитектор мамандығын меңгеру, зәулім үйлер мен көркіне көз тоймас ғимараттар салу. Танымал тұлға, абыройлы азамат атану.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости