![]()
«АЛТЫН ТҰҒЫРЛЫ САЙЫПҚЫРАН»
Спортты, оның ішінде дзю-додан байрақты бәсекелерде алтын тұғырға көтеріліп жүрген жастардың
![]()
қатарында Ерболұлы Жақсылық та сап түзеп келеді. Түлейбай Жақсылық 2010 жылы 17 мамырда Маңғыстау облысы, Жыңғылды ауылында дүниеге келген. «Тәрбиенің негізгі мақсаты – өзіңді де, басқаны да сыйлап құрметтейтін, теріс іс істемейтін азаматты тәрбиелеу» деген ұстанымдағы отбасының тірегі, басшысы әкесі Ербол мен ардақты анасы Айгүлдің сенімін ақтап жүр. Бірге туған бауырлары ағасы Айбар, күлім көз қарындасы Айзере және сүйікті інісі Қасым да қайсар ұлдың болашағы жарқын боларына сенімді.
Жетістігі: Спорт шеберіне үміткер Әбілхайырұлы Айдынның құрметіне арналған самбодан аудандық Ашық турнирде І орын жеңімпазы, медаль және кубок иегері; Дзю-додан жасөспірімдердің Ванова Бексұлу атындағы аудандық ашық турнирінде 55 кг салмақ дәрежесінде І дәрежелі Диплом жеңімпазы, медаль мен кубок иегері; С.Нұрниязұлы атындағы мектеп директоры Ванова Бексұлу атындағы мектепішілік дзю-до күресінен І орын мадақтамасы; Жастар жылына орай 2010-2012 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында «Жас батыр» МБЖСМ-нің ашық біріншілігінде ІІ орын жүлдегері; Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылуының 31 жылдығына арналған дзю-додан 26 кг салмақта ІІ орын Диплом жүлдегері; Өзінің білімділігімен, таланттылығы және ерекше қабілетімен көзге түскені үшін «Дара бала» номинациясымен марапатталады.
Сүйікті ісі: Спорт залында, таза ауада дене шынықтыру.
Арманы: Әлем чемпионы атану. Кәсіби бапкер болу.