Сұраншы Рамазан мен Аяжан

Рейтинг:

«БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫНЫҢ АЙЫ МЕН КҮНІ» 

      «Ғасыр жасасаң да, ғасыр бойы қалай өмір сүру керектігін үйрен» деген қағиданы ұстанатын мақсатшыл өрендер, бір үйдің қос шамшырағы – Жаңатас қаласының тұрғындары. Жақсылыққа жақын Рамазан Асыланбекұлы 2004 жылы 24 қазанда,  жібек мінезді Аяжан Асыланбекқызы 2006 жылы 27 ақпанда мерейлі отбасында дүниеге келеді. Отбасының қорғаны мен тірегі, ардақты әкесі  Дайырбаев Асланбек Сұраншыұлы мен ажарына ақылы сай, мейірбан анасы Кожагелдиева Жазира Биргебайқызы – бала бақыты үшін еңбек етіп жүрген жандар. Перзенттері үшін бар жақсыны қалайтын ата-анасы қолдан келгеннің бәрін жасап, тағылымды тәрбие беруде. Рамазан – отбасының тұңғышы, көзқуанышы, бауырмал ұлдың өзінен кейін Аяжан, Аяла есімді сүйкімді қарындастары бар. Білуге, білімге құмар ынталы шәкірт Сұраншы Рамазан 2015 жылдан бастап Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қалсындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында білім алуда. Бүгінде 9-сыныпта оқып жүрген  білімсүйгіш шәкірт әдебиет, тарих пәндерін сүйіп оқиды. Сынып жетекшісі Тәжібаева Камшат әрқашан Рамазанға қолдау білдіріп отырады. Руханиятқа жақын өнерлі өрен 5-сыныптан бастап шығармашылыққа ден қойып, рөлге бөліп оқып, түрлі образдарды сомдауда ойының ұшқырлығымен дараланып, өлең шығарып, ертегі құрастыра білетін ерекше қабілетімен көзге түсті. Осы салада өз өнерін жетілдіре түспек ниетте Рамазан қазақ әдебиетінің классик ақындары мен жазушыларының шығармаларын қызыға оқып, жыр жауһарларын жаттауға машықтанған. Әдебиет пен көркем сөзге қатысты өтетін түрлі байқауларда  бақ сынап, «Ұрпағымын – қазақ деген ұлы елдің» атты жас ақындар мүшайрасына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иемденіп, мерейі үстем болды. Ақынжанды шәкірт сыныптастары арасында сыйлы, ұстаздарына деген құрметі ерекше. Ақкөңіл, дархан жүректі, бір сөзді ұғымтал  ұлдың келешекте ел сыйлар азамат боларына сенімдіміз.
      Сүйікті ісі: Түрлі тақырыптарға қалам тартып, өлең жазу,  мәнерлеп оқу.
      Арманы: Оқуын ойдағыдай бітіріп, жоғары білімді маман, абыройлы азамат болу. Ұлы Қазақ Елінің өркедеуі мен гүлденуіне үлес қосып, өмірге кірпіш боп қалану.
 
       «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Өнегелі істер мен тәлім-тәрбие бастауының тал бесігі саналған әкесі мен анасынан адамдық пен адалдықты, өмірге деген құлшыныс пен еңбексүйгіштікті үйреніп жүрген арайлы Аяжан – отбасының шамшырағы, қырмызы гүлдей құлпырған қызғалдағы. Тату отбасының үлгілі перзенті кішкентайынан зерек, талантты болып өсіп келеді. «Әдепті елдің қыздары – Қырмызы-қызыл жібектей» деген қанатты сөз сезімтал, сыпайы қыз Аяжанға қаратылып айтылғандай. Сарысу ауданы, Жаңатас қалсындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 8-сыныбында білім баспалдақтарымен біртіндеп өрлеуде. Мектептегі мәдени іс-шараларға белсене қатысатын үздік оқушы Аяжан – білім мен спортты қатар алып жүрген заманауи жас. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Сарысу ауданында өткен көптеген спорттық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанды. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей, білімпаз шәкірт Аяжан Сұраншы Дәндәбаева Бақыт пен Шотбасов Ғабиден сынды ұлағатты ұстаздарына шексіз алғысын білдіреді. Еңбексүйгіш Аяжан бос уақытын жоспарлап,  тиімді пайдаланады.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, қосымша білімін жетілдіру, тігін тігу. Тәтті-дәмді тағамдар әзірлеп, жақындарын қуанту, дизайн саласын зерделеу, зерттеу.
      Арманы: Жоғары білім алу, майталман дизайнер, білікті стилист, танымал тұлға болу. Адамдарға қуаныш пен бақыт сыйлап, қолынан келгенше көмек беру.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости