«ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ»
Достықтың алтын бесігіне айналған Қазақ елінің дамуына үлес қосар білікті маман, парасатты перзент болуды қалайтын өрен Сұлтанғали Ернұр 2008 жылдың тамыз айының 1 жұлдызында елордада өнегелі отбасында өмірге келді.
Жылуы мол отбасының қорғаны болып жүрген қамқор әкесі Мұхамедалин Жеңіс Сұлтанғалиұлы – «Қазақстан теміржолы» қызметкері, абыройлы азамат. Күн нұрындай шуағы мол анасы Бюрина Айнур Абдрашитқызы – заңгер. Отбасының тұла бойы тұңғышы, жарқыраған шамшырағы, үкілеген үміті бауырмал Ернұрдың ізінен ерген Жанайым есімді қарындасы мен Ерасыл есімді інісі бар. Ұлағатты ұлан білім сайысынан бөлек, с
портта да өзінің мықтылығын дәлелдеп келеді. Салауатты өмір салтын ұстанатын заманауи жас спорттың бірнеше түрімен қатар айналысады. Сабақтан тыс кездері уақытын тиімді жоспарлап, сол бойынша жұмыс жасайды. Ол мектеп қабырғасында білім алса, үйінде ата-анасына қолғанат. Елгезек бала білім алумен қатар, бәйгелерде топ жарып, қосымша сабақтарға қатысуға, спортпен шұғылдануға уақыт табады. Енді талапшыл жас алдына биік мақсаттар қойып, соған жету жолында аянбауда. «Елім үшін бар білімім мен күш-жігерімді сарп етемін!» деген азаматтық ойдың иесі Ернұр Жеңісұлы қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейдің 5-сыныбында білім көкжиегін біртіндеп бағындырып, жетістікке жетіп, жақындарына қуаныш сыйлауда.
Жетістігі: «InterPress» ағылшын тілі курсының Сертификаты, 2018 жылы «Аманат» командасының құрамында «ҮМІТ» турнирінің кубогының ІІІ орын иегері атанып, «Үздік қақпашы» номинациясын иемденген. 2019 жылы U-11 дайындық топтарының арасында футзалдан ҚР-ның Біріншілігінің Күміс жүлдегері атанды. Ернұр Жеңісұлына «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Астана» филиалы бейнеролигіне түскені үшін одақтың атынан Алғыс хат табыс етілді.
Сүйікті ісі: Спортпен шұғылдануды, танымдық фильмдерді көргенді, білімін жетілдіруді, футбол ойнауды, саяхатқа шығуды ұнатады.
Арманы: Атақты футболшы, Ұлы Қазақ Елінің мақтан тұтар тұлғасына айналу.