«ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУГЕ ЖІГЕРІ МОЛ АЙДАЙ АРУ»
«Ілім – іштегі нұр, өнер – сыртқа салынған түр» деген ұстанымдағы Серікбай Айханым 2005 жылы 4 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген кемел келешектің иесі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді қазақ даналығы. Бақ дарып, өнер қонған шаңырақтың ару қызы Айханымның асыл қазынасы, ақ жаулықты ғазиз әжесі Каспакова Айнакул Биғазықызы – 11 баланың анасы, Батыр ана. Алтыннан ардақты нағашы ата-әжесі Төлепбергенов Жұмабай мен Гулдана Орынбекқызы немересі Айханымды туғаннан өсіріп, жетістікке жетелеп, қашанда жанына табылып жүрген тілекшілері. Атасы мен әжесі теміржол саласының Еңбек ардагерлері, зейнеткерлер. Озық ойлы, биік болмысты парасатты әкесі Хусайнов Талгат Серикбайұлы – спорт және мәдениет саласының қызметкері, өз ісінің шебері. Шаңырақтың берекесі мен ұйтқысы болып жүрген анасы Хусайнова Канат Жумабайқызы – Жаңатас қалалық балалар Өнер мектебінде оқу-тәрбие ісінің орынбасары. «Айгүл» балабақшасында тәрбиеленген сүйкімді балақай таным көкжиегін кеңейтіп, білім әлемінің есігін ашты. Бүгінде білімсүйгіш Айханым Талғатқызы Жаңатас қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 8 «А» сыныбында білім алуда. Дарынды жас 2014 жылы Балалар өнер мектебінің «Бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер» бөліміне түсіп, 2018 жылы толық курсын бітірді. Айханым – 2017 жылдан бастап Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінде «Қобыз» бөлімінің «Альт-қобыз» класында үздік оқушылардың бірі.
Жетістігі: Аудандық іс-шаралардың белсенді қатысушысы, көптеген зияткелік байқаулардың, білім бәйгелерінің жүлдегері. 2016 жылы Облыстық ХІІ Дельфий ойындары фестиваль-байқауының «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі Диплом және 2017 жылы ІІ орын иемденген жүлдегер. 2017 жылы Республикалық «Қазақстан – болашағы біртұтас ұлт» атты интернет байқауы бейнелеу өнері бойынша Сертификат иегері. 2017 жылы Халықаралық шығармашылық байқау «Ұлы Жібек Жолы», бейнелеу өнері (Тәжікстан, Пенджикент қаласы) – І орын жеңімпазы. 2018 жылы «Аялаған Астана» Республикалық интернет-байқауының және 2019 жылғы ХҮ облыстық жастар дельфийлік ойындарының Сертификат иегері. www.fio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты Орыс тіл пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиаданың І дәрежелі Диплом иегері. 2019 жылы Облыстық «Бояулар құпиясы» байқауынан Алғыс хат иемденген Айханым Республикалық «Сиқырлы саусақтар» (сырттай) байқауынан І орын; Республикалық «Ана деген сиқырлы сөз» (сырттай) байқауының ІІІ орын жүлдегері. 2019 жылы Республикалық «Әлем шары» (сырттай) байқауынан ІІІ орын және Республикалық «Қош келдің, әз Наурыз!» (сырттай) сурет байқауынан І орын алған жеңімпаз. Республикалық «Көңілді көктем» атты шығармашылық байқауынан «Сурет салу» номинациясы бойынша жүлделі І орын; ІІІ Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауынан «Бейнелеу өнері» жанры бойынша Бас Жүлде және Республикалық «Мәңгілік ел алыптары» рухани-патриоттық байқауында «Бейнелеу өнері» номинациясынан Бас Жүлде иемденіп, мерейі үстем болды. Талапты өрен 2019 жылы І Халықаралық «Dream fest» (сырттай) көпжанрлы фестиваль-байқауынан І орын жүлдегері. ІІ Халықаралық «8 наурыз – әйелдер күні» атты сурет, фотосурет, ашық хат пен бұйымдар жасау байқауынан І орын алып, жетістіктің даңғыл жолына шығып, асудан асты.
Сүйікті ісі: Сурет салу, әр түрлі кондитерлік өнімдер, түрлі тағамдар әзірлеу, классикалық, этно стильдегі музыка тыңдау, жақындарына тосын сый жасау.
Арманы: Жоғары білім алу. Психолог және аудармашы, танымал суретші болу.