Серғали Ұлан

Рейтинг:


«ЖЕҢІС ЖАУАПКЕРШІЛІК  ЖҮКТЕЙДІ»

      Өмірде көргені мен көңіліне түйгені қалыптасқан,  ардақты қазыналы қарттары бар үйдің жеткіншектері ата-әже тағылымына құлақ түре отырып, олардың көрсеткен  өсиет-өнегесімен жетіліп келеді. Осындай  тәлімі мол парасатты үлкендердің қанатының астында ержетіп келеді. Зерек ойлы жас   Серғали Ұлан – 2006 жылы 6 мамырда дүние есігін ашқан  Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны. 2017 жылы Абыл атындағы Өнер мектебінің табалдырығын аттайды. Ұланның атасы Серғали Адилов пен әжесі Айман Адилова: «Баланы ойлаудың әдіс-тәсіліне үйрету, ойды жүйелеуге жаттықтыру керек.  Жас ұрпақ, сара жолдың сүрлеуін тауып, беріліп жұмыс істе. Алда өшпес шырағың жанып тұр!..»  деген  ағартушы ғалым  М.Жұмабаевтың педагогикалық ойын ұрпақтарының бойына дарытып келеді.  Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, балаларына үлгі көрсетіп жүрген талапшыл әкесі Асылбек Серғалиұлы Адилов,  аяулы анасы Қалиева Ләззат,  сүйкімді қарындасы Назерке Асылбекқызы  мен Амина Сисенбекқызы, соңына ерген ізбасарлары, інісі Нұрберді мен Әмір Ұланның әр жетістігіне шаттана қуанып, болашақ жолының ақ боларына сенім білдіріп келеді. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің «Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу» деген ұғымын терең түсінетін дарынды шәкірт  Асылбекұлы Ұлан  білім мен зияткерлік, танымдық жолда, ізденіс үстінде қалыптасып келеді. Ұланның өнерге шыңдалуына, биіктерден көрінуіне өз үлесін қосып жүрген ұстазы Шынар Кезбаева жас жұлдыздың әлі талай  табыс биігінен көрінетініне сенеді.
      Жетістігі: ІІІ Республикалық «Ұлы Дала Ұрпағы» бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша І дәрежелі Диплом жеңімпазы; Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Алатаудың шыңы, ән кемеңгері Кенен Әзірбаевтың  135 жылдығы, Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіорвтің 125 жылдығы, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің 115 жылдық, даңқты актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойларына арналған «Мәңгілік Ел Алыптары» Республикалық рухани-патриоттық байқауында   І дәрежелі Диплом жеңімпазы және лауреаты аталымы; І  Республикалық   балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Талант.кз» байқауының «Домбыра» номинациясы бойынша І-ІІІ орын жеңімпазы; Республикалық «Каспий жұлдызы»  байқауында ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; ІV облыстық «Жаса, достық!»  байқауында Бас Жүлде жеңімпазы атанады.
      Сүйікті ісі: Домбыра тарту. Кітап оқу. Спортпен шұғылдану.
      Арманы: Ұлы Қазақ Елінің білімді азаматы атану.









Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости