«ЗЕРДЕЛІ ОЙ ИЕСІ»
«Қазіргі заман талабына сай ІТ, роботты техника, информатика саласы күннен-күнге дамып келеді. Бұл сала еліміз үшін өте жас сала болып саналады. Осы ғылыми-техникалық саламен айналысу барысында оқушының бойында шығармашылық қабілеті, кеңістікте ойлау қабілеті, сыни ойлау қабілеті және логикалық ойлау қабілеті жақсы дамиды. Оның үстіне заманауи робототехника ісі де – мен үшін жаңашыл бастама. Информатика, жаңа бағдарламалар жүйесі – өндірістің қарқынына ықпал
ететін негіз, автоматтандырылған техникалық жүйемен айналысатын ғылым. Осы салаға қызығушылығым ерекше. Өз қиялымнан тудырған дүниелер жасау – мені шабыттандырады. Болашақтағы мамандығымның да ғылыми техникамен, информатика саласымен байланысты болғанын қалаймын», – дейді жас информатик, жаңашыл бағдарламашы Сейілбек Санжар. Мұхтарұлы Санжар – 2007 жылы 30 маусымда өмірге келген оңтүстікқазақстандық дарынды дарабоз. «Созақ» ЖББ орта мектеп-гимназиясының алғыр, зерек ойлы шәкірті. «Отбасы құндылығы – басты байлығым» деп түсінетін Санжар – үлкен әулеттің жеткіншегі. Еліне еңбек етіп, ұстаздық жолға өзінің 40 жыл өмірін арнаған атасы Наурызбаев Сейілбек. Ақжаулықты, даналық ой иесі әжесі Рахымбаева Зағипа – зейнеткер болса, ардақты әкесі Наурызбаев Мұхтар Сейілбекұлы – «Қазатом» өнеркәсібі саласының маманы, аяулы анасы Байғараева Жазира – «Созақ» орта мектеп-гимназиясының биология пәнінің білікті маманы. Ақылшы әпкесі Сейілбек Айгерім Мұхтарқызы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде экономика және бизнес мектебі факультетінің қаржы бөлімінің 4-курс студенті, арқа сүйер азамат ағасы Сейілбек Айдос Мұхтарұлы – Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-технология факультетінің 3-курс студенті. Информатика пәніне қызығушылығын оятып, қыр-сырына баулыған ұстазы Роман Қадырқұлов.
Жетістігі: 2019-2020 жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде информатика пәні бойынша І орын жеңімпазы; Түркістан облысы оқушылары арасында өткен «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасында І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «British Buldog» Республикалық ағылшын тілі бойынша ұйымдастырылған сайыстың ІІ орын жүлдегері; Республикалық дәстүрлі интернет олимпиадасында география пәні бойынша І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «Дарабоз» білім орталығымен өткізілген «Бір әріп – бір мәтін» сайысының ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері атанған.
Сүйікті ісі: Заманауи бағдарламалар жасау, әдеби шығармалар оқу. Логикалық есептер шығару, тілдік қабілетін дамыту.
Арманы: ІТ, Информатика саласының үздік маманы атану.