Самархан Әлтемір

Рейтинг:


«БІЛІМПАЗ, ОЙШЫЛ, ДАРЫНДЫ ӨРЕННІҢ ЖАРҚЫН КЕЛБЕТІ»
 
      Шыққан тегі мен ел тарихын жатқа білетін текті ұлан Самархан Әлтемір Ермекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласында 2010 жылы 17 қарашада жылуы мол отбасында өмір есігін ашқан. Асылдық пен ақылдылықтың, жігерлілік пен шыдамдылықтың, ерен еңбектің үлгісіндей ата-анасының алғырлығы мен көрегендігі – Әлтемірге үлкен өнеге мектебі. Ер мінезді, адамгершілігі мол әкесі  Самархан Ермек Бауыржанұлы – жеке кәсіпкер. Ажарына ақылы сай мейірбан анасы – Бәзіл Гүлмира Дүйсенбекқызы – PhD, АЭжБУ доценті. Мерейлі отбасында 3 бала тәрбиеленуде: Әлтемірдің ізінен ерген  інісі Мансұр мен қарындасы Алиша ағаларын үлгі тұтатын – тату-тәтті бауырлар. Білмекке құмар талапты, өнерге жақын дарынды бала Алматы қаласындағы «Жаңа ғасыр» №175 мектеп-гимназияның шәкірті болып қабылданып, алғашқы күндерден-ақ өзінің ынтасы мен зеректігін байқатып, үздік оқушылар қатарын толықтырды. Мектепте өткізілетін барлық мәдени іс-шараларға белсенді қатысушы. Қазіргі таңда Самархан Әлтемір аталмыш мектептің 4 «Ә» сыныбында оқып жүр. Білімпаз, өнерпаз ұланның осы уақыт ішінде қол жеткізген марапаттары мен дипломдары ауыз толтырып айтарлықтай. Достары арасында беделі жоғары, өз ісіне ұқыпты, жауапкершілігі мол алғыр оқушы. Жануарларды жақсы көреді. Ізденімпаз, ұғымтал Әлтемір үнемі жаңа істермен айналысуға тырысатын жаңашыл, заманауи өрен мектептен тыс уақытында жүзу, таэквондо, сурет үйірмелеріне тұрақты түрде қатысады.
      Жетістігі: Әлтемір Ермекұлы – оқу үздігі, сынып белсендісі, ұстаздарының мақтанышы. «Слон» Халықаралық математикалық олимпиаданың І орын жеңімпазы. «Нұрлы Болашақ» Республикалық қашықтықтан өтетін олимпиадалар орталығы ұйымдастырған математика пәнінен ІІ дәрежелі Диплом иегері. «Пони» интеллектуалды марафонының жүлдегері. Мектепішілік олимпиададан математика пәні бойынша І орын жүлдегері. «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» Республикалық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауы «Көркем сөз» номинациясының ІІІ орын жүлдегері. «Тамшы» Ғылым және мәдениет қоры мен Қабылан ақпараттық порталының ұйыдастыруымен өткен «Әкем – тірегім,Анам – жүрегім» атты Республикалық шығармалар байқауының І орын жеңімпазы. Таэквондодан көк белбеу иегері, қалалық және Республикалық ашық турнирлерінің І, ІІ және ІІІ-орындарды иемденіп, мерейі үстем болды.  Алматы қаласының Таеквондо (WTF)  Федерациясының шешімі бойынша «Көк белбеу» иегері, 4 ГЫП дәрежесі берілгендігін растайтын Сертификат иегері.
       Сүйікті ісі: Мүсіндеу және сурет салу өнерімен айналысу. Лего құрастыру, робототехникамен шұғылдану, қысқаша роликтер түсіру, музыка тыңдау.
      Арманы: Өнер саласының маманы, әйгілі киноактер болу. Танымал тұлға, абыройлы азамат, ата-анасының, халқының мақтанышына айналу.
 

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости