Мақсұт Иман

Рейтинг:


      «ЖАС ҰРПАҚ – АСҚАҚ АРМАН МЕН ӨР НАМЫСТЫҢ СИМВОЛЫ»

      Абыройын асқақтатуды, мақсатына біліммен, еңбекпен жетуді мұрат еткен ел болашағының бүгінгі жас өрені – Мақсұт Иман Бекболатұлы. Отбасының қадірменді қариясы, асыл әжесі Шуғайпова Тұрсын – 80 жастың сеңгіріне шығып отырған қазыналы кейуана. 11 бала тәрбиелеген батыр ана, Алтын алқа иегері. «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» дегендей, құрылыс саласында жеке кәсібі бар әкесі Смаков Бекболаттың айбарлылығынан жігерлене отырып, жоғары білімді бухгалтер анасы Жаркимбекова Шолпанның  сүйіспеншілігіне бөленген  жас өрен Иман да келешекке деген айқын мақсатын межелеп, болашаққа қадам басуда. Қайсар мінезді Иман  алдындағы ақылшы әпкесі Жайна мен қылықты қарындасы Айшаға, ізіне ерген інісі Исламға көмек қолын созып, бауырмалдық танытып тұрады. Бекболатұлы Иман 2010 жылы 8 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. 2012-2016 жылдары аралығында «Қарақат» балабақшасында танымдық көзқарасын қалыптастырады. Бүгінгі күні №61 орта мектебінің 4 «А» сыныбының белсенді шәкірті. Сынып жетекшісі Бақытбекова Жазира Бақытбекқызының тағылымды тәрбиесі мен сапалы білімінен қанаттанып, келешектің алтын қақпасына қанат қағуда.  Әртүрлі білім сайыстары мен зияткерлік турларда өз білімі мен біліктілігін сынап жүр. Дүние жүзі картасына үңіле отырып, әлем елдерінің тыныс-тіршілігімен танысып, сол тақырыптардағы кітап оқығанды жақсы көреді. География, математика пәнін ұнатып оқиды.
      Жетістігі: 
  • 1-4 сыныптарды үздік оқығаны және үлгілі тәртібі үшін мадақтама;
  • ЗЕРДЕЛІ – Интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы дарынды оқушылар арасындағы қашықтықтан өткізілген «Табиғат: күз мезгілі атты байқауға қатысып, шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін ІІ дәрежелі Диплом;
  • 8-наурыз мерекесіне орай «Алтын жүрек анамыз» атты тақырыпта өткізілген мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысқаны үшін Мадақтама. 
     Сүйікті ісі:  Достарымен футбол ойнау, таза ауада демалу. Суда жүзгенді ұнатады. 
    Арманы: Жоғары білімді маман атану, өз елінің өркендеуіне перзенттік үлесін қосу. 




Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости