Өмірзақов Бекарыс

Рейтинг:


«ӘКЕ САЛҒАН ІЗБЕНЕН...»

      «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» дейді ғой. Ер баланың тәрбиесі әкеге жүктелетіні баршаға аян. «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» дегендей, әкемді қадір тұтамын. Болашақта әке салған ізбенен мен де энергетик  маманы болғым келеді» деп өзінің ойын жеткізген зерек ұлан Өмірзақов Бекарыс 2007 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келді. Отбасы үлкендері «Балаңа көңілің толмаса, кемшілікті өз басыңнан іздей бер» деген басшылықтың жетегінде   перзенттерін өнегелі қасиеттерімен тәрбиелеп жүр.  Өз отбасы туралы: «Отбасында  ұлағатты ісімен үлгі көрсетіп, «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолғыншысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез»  екенін үнемі айтып отырудан жалықпайтын,  парасатты   ой иесі атам Сарысу ауданының құрметті азаматы Сержанов Өмірзақ, әкем Қонақов Шәкірбай, аяулы анам Абуова Оразкүлдің сенімін ақтау жолында тер төгіп жүрмін. Қамқор жан, аяулы әпкем Өмірзақова Рахимаш пен ерке қарындасым Өмірзақова Самалдың арқа сүйер азаматы, қорғанымын. Шаңырақтағы әрбір жанның орны  әрқайсысымыз үшін ерекше, қымбат. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын» , – дейді өрелі өрен Бекарыс. Дене шынығу  жаттығуларын жасап, спорттың оптимистік көзқарасты қалыптастыратынын ұғынған Бекарыс екі жылдан бері бокс мектебінде шыңдалып жүр. Табандылығы мен шыдамдылықты, қайсарлық пен қырағылықты жанына серік еткен талантты былғары қолғап үздігі талай додалы жарыстарда жаңа қырымен танылып, жақын жандарын қуанышқа бөлеу үстінде ержетіп келеді. Оқу мен спортты қатар алып жүрген Бекарыстың жеткен жетістіктері көп.
      Жетістіктері: ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Сарысу ауданының Құрметті азаматы, соғыс ардагері Уызбаев Жаңатілеулі еске алуға арналған бокс турнирінде ІІІ дәрежелі Дипломы мен қола медаль жеңімпазы; Сарысу ауданының біріншілігінде ІІІ орын Дипломы мен қола медаль жүлдесіне ие болды.  
      Сүйікті ісі: Бокс үйірмесіне қатысу. Таза ауада еркін демалу. 
      Арманы: Талғамы жоғары, арманы асқақ ұлан әкесі мен ағасы жолын жалғастырып, білікті энергетик маманы атануды қалайды. 

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости