Орынғали Мұрат

Рейтинг:


«ЖАҚСЫ БАЛА ЖЕТКІЗЕДІ МҰРАТҚА»
 
      Текті әулеттің жалғасы,  көзінде оты, бойында жалыны бар, білім мен тәрбиенің асыл қазыналарымен жетілген Мұрат Аманұлы Атырау облысы,  Мақат ауданы, Мақат кентінде толық отбасында 2010 жылы 15 наурызда дүниеге келді. Отбасының бақытын екі еселеп, дүниеге келген Мұрат бүгінде ата-анасының қолғанаты мен көзқуанышы. «Әрдайым уәдеңе берік, антыңа адал бол. Өзіңе сенсең, айналаңа да көмек қолын соза аласың» деп ұлының құлағына өнегелі ақылын құйып отыратын ардақты әкесі Сағындықов Аман Орынғалиұлы –  Мақат ауданы Мақат кентінде ауданның белгілі азаматтарының бірі, Қазақстан темір жолы Атырау бөлімшесінің білікті мамандарының бірі де бірегейі, қызметте абыройлы, әулетінде сый-құрметке бөленіп жүрген азамат. Асыл қасиеттерді бойына жинақтаған ғазиз анасы Дарихан – ұлына  бар жақсы қасиеттерді дарытуды қалайтын кеңпейіл, ұстамды, мейірбан  жан.  Ата-анасы, отбасының тұңғышы – жанашыр әпкесі Мөлдір Мұраттың толыққанды азамат болып қалыптасуына  зор жәрдемін тигізіп, барлық бастамаларына қолдау білдіріп келеді. Білуге, білімге құмар, «Білім – бар игіліктің бастауы» деген ұстанымдағы  Орынғали Мұрат  Атырау   қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепке шәкірт болып қабылданып, қазіргі таңда 4  сыныпта білім алуда. Білікті маман, ұлағатты ұстазы Абуова Жанат Оразәліқызының жетекшілігімен математикаға, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы айқындалды. Сабақтан қолы қалт етсе, кітаптан бас алмайды. Жасыл алаңда доп тебуден де құралақан емес. Достарымен бірге доп теуіп, физикалық тұрғыдан шымыр болу оның басты мақсаттарының бірі.
      Жетістігі: Республикалық көпшілік-қоғамдық «Дарабоз» журналына «Болашақтың дарабозы» атауымен сәби Мұраттың суреті басылып, жақындарының көзқуанышына айналды. Білімпаз шәкірт көптеген мектепішілік сайыстардың қатысушысы, «Русский медвежонок – языкознание для всех» конкурсының Сертификаты иегері.  Өз бетінше ізденіп, нәтижесінде  біршама жетістіктерге қол жеткізді. Ізденімпаз, білімқұмар, талапты шәкірт  Орынғали Мұрат  2019-2020 оқу жылының бірінші жартысында оқу озаттарының қатарынан орын алып, білім көкжиегін біртіндеп бағындыруда.
      Сүйікті ісі: Отбасымен бірге табиғат аясында демалу, достарымен бас қосу. Жұмбақ шешу, қызықты фильмдер қарау, ән тыңдау. 
      Арманы: Болашақта оқуын ойдағыдай аяқтап, жоғары білімді маман болу, халқы сүйер, мақтан тұтар абыройлы  азамат атану.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости