Оралбаева Арнұр

Рейтинг:


«БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ БОЛЫП, ҮМІТТІ АҚТАЙМЫН»
 
      Достарының арасында сыйлы, барлығымен тіл табыса білетін ашық мінезді, нұр сипатты Арнұр Думанқызы 2006 жылдың 21 маусымында еңсесі биік елордада   дүниеге келді. Балдан да тәтті балалығын қаладағы №36 «Балапан» балабақшасында өткізген өрен «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бүгінде өнегелі отбасының шамшырағы болып, алғы күнге сеніммен қарайды. Жылуы мол, шаттығы көп жанұясында 7 жан бар. Шаңырақтың береке-бірлігін кіргізіп отырған әкесі Кулбаев Думанның орны Арнұр үшін ерекше. Қамқор әкесі Думан – жеке кәсіп иесі. Ажарына ақылы сай мейірбан анасы Оралбаева Сербиназ – №30 мектептің мұғалімі,  білікті де білімді қызметкер. Тұңғыш болып шаңырақтың ішін сәби күлкісіне толтырған Арнұрдың Индира, Бағнұр есімді жанашыр әпкелері – білікті мамандар. Жақсы көретін ағасы мен інісі – мектеп оқушылары. Мектепішілік пән сайыстары мен интеллектуалдық жарыстарға белсене қатысатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Арнұр – № 61 орта мектебінің, 7 «Б» сыныбының алдыңғы қатарлы оқушыларының бірі. Қолына қылқаламын алып сурет салғанда табиғатқа жан бітіретін өнері бар Арнұр ойы ұшқыр, өз ойын ашық жеткізе алатын қыз. «Болашақта ол ата-анасы мен ұстаздарының үкілеген үмітін ақтап, үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдемін» деп үміт артып отырған жақындарының сенімінен шығатын талабы күшті еңбекқор әрі ізденімпаз оқушы. 
      Жетістігі: «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» аясында «Отбасы тарихы – Отан тарихында» атты  қалалық зерттеу жұмысы үшін  Грамота, «Жас эрудит» олимпиадасынан Сертификат иемденген. «Ғылымдар патшасы МИФ әлемінде» атты апталыққа қатысқаны үшін және Мектепішілік  физика пәні олимпиадасының Сертификаттары иегері. «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты сурет көрмесінде үздік сурет салғаны үшін Грамота, Халықаралық көпжанрлы фестиваль-конкурстың жүлделі ІІ орны мен  Дипломын алып, мерейі үстем болды. III  Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен ересектерге арналған «Живи танцуя» би чемпионатының ІІ орын жүлдегері. Халықаралық би конкурс-фестивалі бойынша ІІ орын иегері. 2019 жылы «Константин Симонов» совместного проекта Казахстанско-Российского   сообщество учителей и Междунарого детского центра «Алые паруса» Халықаралық конкурсының І орын иегері атанып, Диплом иемденген білімпаз шәкірт.  «Ақ бота – 2018» интеллектуалдық марафонының ІІ орын жүлдегері. 2019 жылы «Зерделі тұлға» олимпиадасының Сертификатын, «Зерделі тұлға – 2020» олимпиадасының Грамотасымен марапатталған. Арнұрдың әлі талай марапаттарды алатыны анық.      
      Сүйікті ісі: Сурет салу, ән айтып, би билеу, кітап оқу, музыка тыңдау. 
      Арманы: Оқуын ойдағыдай бітіріп, жоғары білімді, білікті ұстаз болу. Балалардың зейінін ашу, сапалы білім алуы үшін өз үлесін қосу, майталман маман болу.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости