Нұрәлі Айнұр

Рейтинг:


«Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған...»

       «Білім арзан, білу қымбат» деген ұстанымдағы талғампаз, сыпайы өрен Нұрәлі Айнұр Нұрболатқызы  елордада 2007 жылы 27 қазанда өмір есігін ашқан. Руы - Кіші жүз, Кіші жүздің ішінде Байұлы-Алтыннан таралған ұрпағының бірі. Отбасының үлкендеріне деген құрметті бәрінен де жоғары қоятын зерделі қыз ұлағаты мол атасы Амангелді Нұрәлі Әшенұлынының бейнесі жүрегінде сақталып, ақ пейілді, дархан жүректі әжесі Мұстафаева Амангүлдің сүйіспеншілігіне бөленіп, тәлімді тәрбиесімен өсуде. Алтыннан ардақты қамқор әкесі Амангелді Нұрболат Нұрәліұлы мен жан жылуы мол мейірбан анасы Шокеманова Қарлығаш Ережепқызы – бала бақытын басты орынға қойған ата-аналардың қатарында. Ізгі ниетті нағашы ата-әжесі Шокеманұлы Ережеп пен Тілеубердіқызы Әсемкүл – арайлы, алғыр Айнұрдың тілеуін тілеп өтті. Айнұр – отбасының тұңғыш перзенті. Өзінен кейін сүйкімді Аяулым мен Айжұлдыз сіңлілері бар. Кішкентайынан өте зерек, табиғатынан  сезімтал,  ақжарқын Айнұр  5 жасында туған қаласындағы №38 «Шаттық» балабақшасына барып, әдеп әліппесін меңгерді. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мекемесінде тәрбиешісі  Раушан Жеңісқызынан көп нәрсені ұғып, көңілге тоқыды. Білім әлемінің есігін алғаш осы апайының көмегімен ашып, санауды үйреніп,  әріпті меңгерді. Сезімтал, көпшіл Айнұрдың бірінші ұстазы Жеңісқызы Раушанға деген құрметі мен айтар алғысы шексіз. Айнұрдың жетістігі  балабақша қабырғасында басталды. Алғашқы рет «Балабақшаны ойдағыдай аяқтағаны» туралы дипломды иемденіп, жақындарына қуаныш сыйлады. Балалықтың бір белесін артқа тастап, «Оқу – өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы» деген ұстанымдағы өрелі өрен Нұрәлі Айнұр  білім алар кез келгенде Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан ашылған білім ордасы №74 мектеп-гимназиясына сынақ арқылы 1-сыныпқа қабылданып, шәкірт атанды. Білім ордасының сындарлы басшысы Нүсіпжан Жеңіскүл Темірханқызы. Сынып жетекшісі, ұлағатты ұстаз Жұмабаева Роза Зейнелғабиденқызы. Мектебі, ұстазы, сыныптастары – бәрі жанына жақын жандар, өзіне қатты ұнайды. 1-сыныпта отбасының көшіп-қонып жүруіне байланысты Айнұр міндетті бағдарламадан сәл кенжелеп қалды,  оның үстіне сол кезде сыныптастары олимпиадаға дайындықты бастап та кеткен болатын. Дегенмен, жігері мол шәкірт Айнұр сүйікті тәтесі, анасының әпкесі Шокеманова Баян Ережепқызының көмегі мен қолдауының арқасында аз ғана уақыттың ішінде, күндіз-түні дайындалып, ұстазын, сыныптастары мен СКТ-ның апайы профессор Нұрша апайын таңғалдырып, Республикалық олимпиадада «Бас жүлде» алып, Алматы қаласына жолдама алды. Айнұр өз білгендерін өзгелерге үйретіп, білім дәрежесінің жоғары екендігін байқатц мен қатар үнемі ізденіс үстінде болды. Руханият әлеміне жақын 4-сыныпта оқып жүрген қабілетті қыз, Елордамыздың Гүлмира Жангелдіқызы басшылық еткен №2 Өнер мектебінде актерлық шеберлігін шыңдады. Зерек қыз Айнұр, Қырықбаева Құралай Сайлауқызының домбыра класына қабылданып, өнер өлкесіне қадам басты. Желтоқсан айында Өнер мектебінен Каленова Асылзат Өржанқызы арнайы келіп, дарынды Айнұрды «театр» сыныбына қабылдап, өнерге деген талабын ұштай түсті.  Каленова Асылзаттың қолынан Алғыс хат алған Нұрәлі Айнұр Түркия мемлекетіне Асылзат Өржанқызы бастаған ұжыммен бірге барып, 10 күн болып, домбырамен өз өнерін көрсетті. Сондай –ақ талантты қыз Балапан телеарнасының ұйымдастыруымен өткен  «Жұмбақ жер» атты реалити-шоу жобасына қатысты. Бағдарламалардың режиссері Азамат Дүйсенбектің басқаруымен, бағдарлама авторы Айбар Қасенали және операторлар Дәурен Дүйсенбек, Саясат Дүйсенбек және сценарист Ракишева Айнұр атақты продюссер, журналист, Қазақ радиосының директоры Мәди Манатбектің қолдауымен, көлік жүргізушілер Бағдат, Қайрат, Олег, Қуанышбек ағаларымен бірге Қазақстангың барлық қалаларына сапар шекті. 1 ай бойы көптеген тарихи жерлермен танысты. Мәди Манатбек Айнұрдың кемел келешегіне сенім білдіріп, өнер жолындағы жас талантқа тұмар тағып жүруге кеңес берді. 5-сыныпқа келгенде өнерімен өрге жүзген өнерпаз Айнұр Нұрболатқызы қараша айында Қырықбаева Құралай апайымен бірге домбыра тарту бойынша өнер байқауына алғаш рет қатысып, Гран-При иегері атанды. Құралай апайының жолдасы Нартай да Айнұрдың ерекше қабілетіне тәнті болып, қолдау көрсетуден жалыққан емес. Сондай-ақ, Дәріпхан Нұргүл апайының жетекшілігімен  ақиық ақын Мұқағалидың өлеңдерін Мәнерлеп оқу бойынша  сайыстарға қатысып, Бас Жүлдені иемденіп, «Жүзден жүйрік, Мыңнан тұлпар» атанып, талмай іздену мен тынымсыз еңбегінің арқасында жақындарына шаттық сыйлады. 5-сыныпта Айнұрдың анасы қаңтар-наурыз айларында сындарлы басшы, өз ісінің шебері Әсел Ергешқызы басқарып отырған «Болашақ» өнер мектебінің медиа-студия курсына қатыстырып, журналистика саласын меңгеруге жол ашып берді. Осы жерде талапты қыз Гүлнұр апайынан тележурналистиканың қыр-сырын үйреніп, жан-жақты даму үстінде болды. Осыдан кейін екінші рет Айнұр Түркия мемлекетіне 5 күндік сапарға барып, журналистика саласы бойынша таным көкжиегін кеңейтіп қайтты.  Естен кетпес ерекше әсер қалдырған Шымкент-Түркістан сапарында қасиетті Қожа Ахмет Ясауи ескерткішіне барып, саяхаттан ерекше әсер алып, шабыттанып оралды. Сабаққа мұқият дайындалып, қоғамдық іс-шараларға да белсене қатысатын  ізденімпаз, алғыр Айнұр Нұрболатқызы – бүгінгі таңда сындарлы басшы Қазыбай Айжамал Қожайханқызы басқарып отырған №86 мектеп-гимназиясының 6 «г» сыныбында білім алып, сынып жетекшісі, ұлағатты ұстаз Төлегенқызы Жаңагүлдің қолдауымен мектепішілік түрлі мәдени іс-шараларға белсене атсалысып жүр. Қазіргі кезде Ләззат Бектас апайының жетекшілігімен журнастиканы тереңдетіп қашықтықтан оқуды да қолға алған. 
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, ән айту, музыка тыңдау, жыр жауһарларын жаттау және мәнерлеп оқу, қолөнермен айналысу, анасына көмектесу.
      Арманы: Шет елде жоғары білім алып, басшылық қызмет атқару. Өз ісінің майталман шебері, танымал тұлға атанып, Ұлы Қазақ Елінің мақтанышына айналу.
Атына заты сай Нұрәлі Айнұрдың атасы армандағандай тұғырлы тұлға болып, білімнің алтын кілтін тауып, өнерде жетістікке жетіп, биік мақсаттарды бағындырып, армандарының орындалатынына сенеміз.
      Жетістіктері: 
2018 ж -  Бас Жүлде ХІ Республикалық «Жырлайды жүрек» М.Мақатаевтың өлеңдерін оқудан  балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-жыр байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша иемденді;
2018ж - І дәрежелі  «Astana Grand Priх» VІ Халықаралық конкурс-фестивалінің лауреаты;
2019 ж -  Гран-При «Eurasia-Art» Халықаралық көпжанрлы балалар, жасөспірімдер және ересектерге арналған «Таңғы шұғыла» фестиваль-конкурсынан иемденеді;
2019ж -  І дәрежелі диплом Халықаралық «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың өлеңдерін оқудан  балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыр-күй және ән-би байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша лауреат атанды;
2019ж - Бас Жүлде «ҰЛЫ ДАЛА ТАЛАНТТАРЫ» Республикалық ән-би байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша иегері;
 2019ж - ІІ дәрежелі диплом Республикалық  EADER.KZ дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған «Поэзия әлемі» атты шығармашылық байқауда даралығын танытып, ерекше өнерімен Үздік деп танылып, марапатталады;
2019ж - Грамота «Astana Grand Festival» V Халықаралық конкурс-фестивалінің жеңімпазы;
2019ж - «Болашақ» өнер мектебінің «Жцпналистика мамандығы» бойынша медиа-студия курсын бітірді;
 2019ж – Сертификат VІ Республикалық олимпиадасының Менталды арифметикадан иегері;
2019ж - Бас жүлде «Өнер толғауы» атты байқаудың «Театр өнері» аталымы бойынша жеңімпаз;
2020ж -  ІІ орынсертификат  «I know English» ағылшын тілі пәнінен турнирге қатысты;
2020ж – Сертификат Республикалық «Маған ұнаған жыр» атты онлайн байқауының марапаты;






























\
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости