«БІЛІМ МЕН ӨНЕРДІ ҮЙЛЕСТІРГЕН ЖАС ДАРЫН»
Жасампаз Қазақстанның жарқын болашағы, би айдынының өнерлі аруы Ботагөз Саламатқызы – жастық жігері жалынды, жан-жақты қабілетімен дараланып жүрген талантты өнер иесі. Кемел білімі мен өнер жолында өзінің табандылығы, еңбекқорлығы нәтижесінде биік белестерді бағындырып, отбасы мен мектеп мақтанышына айналып жүрген дарынды ару.
Нұралы Ботагөз Саламатқызы – Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы «Ақбөбек» балабақшасының түлегі. Бастауыштың бастамасында №19 мектептен білім алған, мектеп-лицейінің дарынды шәкірті. Әкесі Базылов Саламат пен анасы Ерлепесова Динара – перзенттеріне ата-аналық қамқорлығы мен қолдауын танытып отырған жарасымды жұп.
Жетістігі: Балабақша қабырғасын
да «Ақбөбектің аруы – 2011» байқауының Мадақтамасы; «Қазақстан» ұлттық телеарнасы және «Балапан» телеарнасы ұсынған «Айгөлек» балалар ән-би бағдарламасының сертификаты; Бастауыш сынып оқушыларының қалалық, ІХ облыстық пәндік олимпиадасында ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; «Балалар Интеллектуалдық клубы» жобасы бойынша қазақ тілі пәнінен қашықтық олимпиадасында І дәрежелі Диплом жеңімпазы; Республикалық Ұлттық Олимпиадасының ағылшын тілі пәні І дәрежелі Диплом, биология пәні ІІ дәрежелі Диплом жеңімпазы; Қалалық олимпиадада ағылшын тілі пәні бойынша ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; Жаратылыстану пәндері олимпиадасында химия пәнінен І орын Мадақтамасы; ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздік – тірегім» атты эссе, өлеңдер жазу байқауында І орын және сурет сайысынан ІІ орын Мадақтамасы; «Үздік оқушы – 2018, 2019» Дипломы; «Сынып белсендісі» атағы Мадақтамасы; «Жас талант» байқауында «Би» номинациясы бойынша үздік өнері үшін І орын және Алғыс хат иегері; Оқушылар шығармашылық үйінің байқауларына белсене қатысқаны үшін Мадақтама иегері; «Дискавери» әлеміндегі шығармашылық іс-шараларға белсене қатысқаны үшін Мадақтама иесі; Қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, Алаш қозғалысының қайраткері, ақын-жазушы М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай «Айбынды алаш елім» атты Республикалық байқаудың «Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын» номинациясында І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «Поэзия, менімен егіз бе едің?» Республикалық интернет-байқауына қатысқандығын растайтын сертификат иесі; «Інжу» би тобы құрамында Бас Жүлде иегері; Халықаралық «Бала Шабыты» жобасы «Хореография» номинациясында «Сұлу қыздар» тобында Бас Жүлде иегері; «Бозторғай» балалар шығармашылығының Халықаралық өнер жарысының Диплом жеңімпазы; Х Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының «Інжу» би тобы құрамында Диплом иегері; Халықаралық «KAZAKHSTAN STARS ASTANA» конкурсында екі дүркін І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «Рауан» Республикалық конкурс-фестивалінде «Хореография» номинациясында І дәрежелі Диплом иегері; ІІ Республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-конкурсында «Хореография» номинациясында ІІ орын Диплом иегері; «Күншуақ» конкурс-фестивалінде «Хореография» номинациясында Бас Жүлде иегері; «WOW БИ CHAMP» І Республикалық конкурсының Гран-При иегері; ІІІ Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында «Хореография» жанры бойынша І-ІІ орын Диплом жеңімпазы; «Алатау шыңы» ІІІ Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсының «Сәндік қолданбалы өнері» номинациясында Бас Жүлде иегері; Облыстық «Маңғыстаудың жас шебері» байқауында, әжесінің қолөнерге баулығанының арқасында «Жүннен, шиден жасалған бұйымдар» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом жеңімпазы атанған.
Сүйікті ісі: Ақын-жазушы шығармаларын оқу. Би билеу. Сурет салу.
Арманы: Заманауи үлгіде кәсіби біліктілігі қалыптасқан дизайнер болу.