«ӨМІРДІҢ НҰРЫ, ӨНЕРДІҢ ГҮЛІ»
«Білімнің саны емес, сапасы маңызды» деген ұстанымдағы тәрбиелі, көркем де келісті өрен. Тумысынан зерек, өнерге біртабан жақын өресі биік Нурджан Альбина Мукдарқызы 2006 жылы 21 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында өнегелі отбасында өмір есігін ашқан. Жақсылыққа талпынып, жан-жағындағыларға қуаныш сыйлап, асыл қасиеттерді бойына жинап өсіп келе жатқан Альбина – отбасының шамшырағы, ата-анасының сенімі мен үміті. Асқар тау әкесі Текеев Мукдар мен ажарына ақылы сай аяулы анасы
Текеева Камшат – бала тәрбиесін басты орынға қойған жарасымды жұп. Перзенттерінің бойына бар асыл қасиеттерді дарытып жүрген ата-анасы Альбинаның жарқын болашағына сенеді. Бауырмал, көпшіл Альбинаның Саятбек, Мейрамбек, Алтынбек, Жәнібек, Жандарбек, Болатбек есімді бауырлары бар. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік сүйкімді балдырған «Рауан» балабақшасында тәрбиеленіп, әдеп әліппесін меңгерді. Зерек, зейінді өрен руханият әлеміне жақын, бейнелеу өнерімен шұғылданады. Көптеген өнер сайыстарының қатысушысы Альбина Мукдарқызы қазіргі кезде Ақтау қаласының Оңдасын атындағы №5 мектептің 7 «А» сыныбында оқиды. Сынып белсендісі бос уақытында түрлі үйірмелерге қатысып, білімін жетілдіріп отырады. Өз келешегін өнер саласымен байланыстыратын ақылды Альбина би билеу шеберлігін жетілдіруде.
Жетістігі: 2012 жылы мектепішілік өткізілген «Көктем аруы» байқауынан Алғыс хат иемденген. 2014 жылы мектепішілік мерекелік шарадан «Ең үздік Жаңа жылдық киімі» үшін Диплом, 2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» қарсаңында өткізілген сайыстан I орын иегері атанды. 2-сынып аралығында өткен «Менің жанұям» суреттер сайысынан II орын, «Жол және Біз» жол ережелері тақырыбында сурет салу сайысынан Бас Жүлде иемденіп, мерейі үстем болды. 3-сыныпаралық өткізілген сайыс бойынша «Күз ханшайымы» атағына ие болды. Интернет арқылы қашықтықтан өткізілген пән байқауынан III дәрежелі Диплом алып, «Адам – өз өмірінің суретшісі» тақырыбында өткізілген сайыстан II орын иегері атанды. 2016 жылы 2-3-сыныптар аралығында өткізілген сурет байқауында «Табиғат – сұлулық әлемі» тақырыбы бойынша жүлделі I орын және «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында өткізілген сурет салу сайысынан I орын иемденіп, жетістіктерін еселей түсті. Өнерпаз жасқа 2019 жылы «Жорға» би мектебінен Алғыс хат табысталып, өнерімен өрге озды.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, музыка тыңдау, би билеу, қолөнермен айналысу.
Арманы: Болашақта өнер саласының жұлдызы болып, танымалдыққа жету, жақындарының мақтанышына айналу. Бизнес саласының майталман маманы болу.