«БІЛІКТІ ДЕ БІЛІМДІ МАМАН, ЗАМАНАУИ ТҰЛҒА БОЛАМЫН»
Қазақтың ұлттық домбырасының құлағында ойнайтын талантты қыз Жанель Олжасқызы 2007 жылдың 31 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақ өнерінің көгінде қалықтаған қырандар мен тарландардың табаны тиген қасиетті өлке Алматы, Талғар қалаларында балалығын өткізген бүлдіршіннің бойында да өнер гүлі ерте қауыз жарды. Кішкентайында әуенге еліктеп, қоңыр үнді
домбыраға деген қызығушылығы оянған Жанель өсе келе қос ішекті аспаптың құлағында ойнап, түрлі шығармашылық сайыстардың жүлдегері атанды. 2014 жылы №64 мектептің табалдырығын аттап, №74 мектеп-гимназиясында білімін жалғастырған өрелі өрен бүгінде қазақ тілін тереңдетіп оқытатын №86 мектеп-гимназиясында үздік оқушылардың бірі. Жібек мінезді Жанель кеуделері жақұт-маржанға толы қазыналы қарттардан тәлім-тәрбие алып, әдептіліктің үлгісін көрсетіп келеді. Математика саласында ұстаздық еткен, басшылық қызметте болған атасы Дауренбеков Ноғайбек пен өрт сөндіруші болған нағашы атасы Исабеков Қылышбекте жатыр. Әжесі Қойшыбаева Райса мен нағашы әжесі Исабекова Тыныштық математика пәннің мүғалімдері, сол кісілердің тәрбиесінде болып, мейірімдеріне бөленіп өсті. Асқар тау әкесі Дауренбеков Олжастың мамандығы – қаржыгер, «Мgfirst» компания директорының орынбасары. Анасы Исабекова Жұлдыз – Нұр-Сұлтан қаласында Казгидрометте ауа райы болжау орталығында ұзақ мерзімге болжау департаметінің басшысы қызметінде. Айбибі, Амина, Айкен есімді сүйкімді бауырлары бар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген, білім көкжиегіне бағыт сілтеген, өнер жолында сатылай өрлеуіне сеп болып жүрген Бақтыгул Бекжанова, Айгүл Бақытжанқызы, Жаңагүл Төлегенқызы, Динара Бекмуратова ұстаздарына айтар алғысы шексіз. Тек алға ұмтылуды ғана көздеп, үзбей ізденіп, тынбай еңбектенуді мақсат еткен талантты жас Жанельдің бағындырар шыңдары биік, келешегі кемел екені хақ.
Жетістігі: 5 «Г» сыныбын «өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағазы иегері.
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілген Шахмат турнирінде жекелей біріншілікте ІІІ орын жүлдегері.
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы мен Қазақстандық жас патриоттар Аккадемиясынан Куәлік және Патриоттық тәрбие беру байқауына белсене қатысқаны үшін Сертификат иемденді. 2017-2018 оқу жылдары «Музыка» бөлімінде Домбыраның 1-2-сыныптарын үздік оқығаны үшін Мақтау қағаздарын иемденді. Балалар, жасөспірімдер мен ересектер шығармашылығына арналған «Таңғы шұғыла» Халықаралық көпжанрлы фестиваль-байқауының ұйымдастыруымен өткізілген «Eurasia-Art» байқауынан Гран-При иегері. 2019 жылы Музыкалық олимп «Звучащий мир» аспапшылар кездесуі атты 7 ауысым бағдарламасы барысында «Көңілді ноталар» визитка қорғау кешіне белсене қатысып, ерекше топ атанғаны үшін Грамота және «Жұлдызды сәт» шығармашылық байқауынан І орын, «Музыка әлемінде!» атты интеллектуалды ойынына белсене қатысқаны үшін Грамота, «ILEADER.KZ» Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған «Мен салған сурет» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнерімен Үздік деп танылғаны үшін І дәрежелі Диплом иегері болды. 2019 жылы «Astana Grand Festival» V Халықаралық фестиваль-байқауынан І орын, 2019 жылы «Жастар жылы» саясатына орай №2 өнер мектебінде өткен «Ғасырлар пернесі» атты мектепішілік домбырашылар сайысынан ІІ орын алып, жетістіктің даңғыл жолына шықты. «Бұл жетістікке мені жеткізген, домбыра тартуды уйреткен Қырықпаева Құралай апайға алғысым шексіз» дейді жас өрен.
Сүйікті ісі: Сурет салу, домбыра тарту, тәттілер дайындау
Арманы: Өнер саласының майталманы болу, немесе анасы секілді синоптик – ауа-райын болжаушы болу.