«ШЫҢҒА ШЫҒАР БІЛІМПАЗ ШӘКІРТ – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ»
«Білім – ең маңызды аспап» деген ұстанымдағы өрелі өрен Музарапша Нұрлыхан Исламханұлы 2003 жылы 15 қаңтарда Қазақстанның жүрегі елордада ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасында дүниеге келді. Ата-анасының тәлімді тәрбиесімен мейірімді, зейінді болып ер жетіп келеді. Сөзіне ісі сай әкесі Исламхан мен жан жылуы мол асыл анасы Мукушева Айман – бала бақытын басты орынға қойғандардың қатарында. Ардақты әкесі Зейнуллаев Исламхан «Астана» телеарнасында дубляж саласында қызмет етеді.
«Бауырмен өмір қымбат» дегендей, Нұрлыхан екі әпкесін үлгі тұтып, екі інісіне көмек беруге әрдайым әзір тұрады. №7 «Аққу» балабақшасына барып, әдеп әліппесін үйренді. Бүгінде білімге ынтық ізденімпаз өрен 1-6 сыныптарда №5 мектеп-гимназияда білім алды. Сынып белсендісі, озат оқушы, ұстаздарының мақтанышы. Мектепте өтетін барлық іс-шараларға белсене атсалысатын білімпаз шәкірт, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін Музарапша Нұрлыхан 7-сыныптан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатында білім көкжиегін бағындыруда. Тәрбиелі, әдепті бала бос уақытын білімін жетілдіруге арнап, жақсы нәтижеге қол жеткізіп, жетістікке жету жолында аянып қалмақ емес. Кемел келешекте Музарапша Нұрлыханның жетер жетістіктері, мен алар асулары көп боларына сенімдіміз.
Жетістігі: Музарапша Нұрлыхан – «Алтын белгіге» үміткер, Мақтау қағаздары мен Негізгі орта білім туралы «Үздік» аттестат иегері, «Лицей мақтанышы» мен «Лицей жұлдызы» атақтарын иемденген білімпаз шәкірттің ата-анасына лицей директорының атынан Алғыс хат берілді. ҚБО-нан (Қазақстан Білім Олимпиадасы) бір алтын (2016) және бір қола медаль (2017), қазақ тілі пән олимпиадаларынан аудандық кезеңдерден 3 (2019) және 1 (2016) дәрежелі орындары, қалалық кезеңнен ІІІ орын жүлдесі бар (2020), математикадан жобаның қалалық деңгейінің ІІІ орын иегері (2019), 2019 «Парасат» қысқы ойындарының Гран-При жүлдегері. «Человек и Природа» Халықаралық ойын-байқауынан Диплом иемденген. Тараз қаласында гуманитарлық пәндер бойынша өткен «Қазақстан Білім Олимпиадасының Қазақ тілі пәні бойынша жүлделі ІІІ орын иегері. Жалпы орта білім беретін мектептердің VІІ-ХІ сынып оқушыларының арасында өткен «Жарқын болашақ» Х облыстық қазақ тілі олимпиадасына қатысып, «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы бойынша ІІІ орын жүлдегері. Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезеңі бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жүлдегері атанды. ІІ және ІІІ дәрежелі Диплом иегері. «KATEV» Білім олимпиадасының Сертификаты иегері. Болашағынан зор үміт күттіретін жас дарын, талантты жас.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, гитарада ойнау, сурет салу, футбол ойнау.
Арманы: Жоғары білімді маман, табысты кәсіпкер, танымал тұлға болу.