Мухадинов Нұрсат

Рейтинг:


«ЖІГІТКЕ ЖЕТІ ӨНЕР ДЕ АЗ ДЕГЕН ҰСТАНЫМДАМЫН»
 
      Оқуға деген, білуге деген құмарлықты дамыту  арқылы өсіп-жетілудің, дамудың жолына түскен өрелі өрен Мухадинов Нұрсат 362 әулие жатқан қасиеті мол Маңғыстау жерінде, Қарақия ауданы, Жетібай ауылына 2004 жылы 3 қаңтар күні өмір есігін ашты.  Қай заманда болмасын білімді ұрпақ толағай табыстарға жетіп, мақсатын межелі уақытында орындайды. Мұны жақсы білетін олар өздерінің шығармашылық қыры мен қабілетін ашуда жан-жақты толысып жүр. Бұл күнде білімқұмар шәкірт Нұрсат білімнің қайнар көзін Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылының №5 орта мектептегі ерен еңбектері елге белгілі аяулы ұстаздарынан сіңіруде. Кішкентайынан зерек, ерекше, алғыр бала боп, жора-жолдастары мен ұстаздарына жақсы қырынан танылып, ата-анасын да мол қуанышқа кенелтіп жүр. «Білім мен құдіреттілік – екеуі бір нәрсе» деген ұстанымдағы Нұрсат–10-сынып оқушысы, сынып белсендісі, мектеп мақтанышы.Айбарлы азамат, асқар тау әкесі Ғалымжан секілді бойындағы игі жақсы қадір-қасиетімен өзгелерге үлгі болып жүр. Жылы сөзі мен сүйіспеншілігіне бөлеп жүрген аяулы анасы – бала тәрбиесін бірінші орынға қойған жандардың қатарында. Отбасының тұңғышы, бауырмал Нұрсат – ізінен  ерген бауырларына жақсы үлгі көрсетіп жүрген қамқор аға. «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт болуды қалайтын Нұрсаттың осы күнге дейін жеткен жетістіктерінің өзі ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Ізденімпаз оқушы, талантты өрен Нұрсат кемел келешегінде оқуын ойдағыдай бітіріп, жоғары білім алып, өмірден өз орнын табатынына сенімдіміз. Нұрсаттың бойындағы жарық сәуле оны тек биіктерге бастап, абыройын асқақтатып, мәртебесін асырып, Ұлы Қазақ Елінің мақтанышына айналары хақ.
      Жетістігі: Мектепшілік өткен түрлі сайыстарға белсене қатысып, бірнеше марапаттар мен мадақтамаларға ие болды. Соның дәлелі: 2010 жылы «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбындағы сайысқа жеңгесімен қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Нұрсаттың ерекше қабілетін волейбол спорт ойынынан байқауға болады. Өйткені, осы сала бойынша жеткен жетістігі мол. 2018 жылы Ақтау қаласында өткен «Жас сарбаз» әскери патриоттық лагерінде волейболдан өткен сайыстың I орын жеңімпазы. «Жаңа Жыл» аудандық ашық жарысында – I орын, мектепшілік ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясын иемденді. 2019 жылы өткен КТА сайысында «Ең үздік ойыншы» дипломымен марапатталды.  Нұрсат болашақ бизнесмен ретінде де өзін мойындата білді. 2019 жылы Ақтау қаласындағы Есенов университетінде Жастар жылына орай өткізілген «Jas kasipker – 2019» Республикалық стартап жобалар байқауында қалаған мамандығы бойынша колледж грантын жеңіп алды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы стартап жобалары бойынша облыстық көрмеге қатысып, тың идеясымен ерекшеленді. 
      Сүйікті ісі:   Білімін жетілдіру, спортпен шұғылдану, саяхатқа шығу.
      Арманы: Білікті маман, өз ісінің шебері болып, ел экономикасын дамытуға үлес қосу. Халқының мақтанышына айналып, жақындарына қуаныш сыйлау.

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости