Маратова Румия

Рейтинг:

«ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ЖҮЗГЕН ҚЫЗҒАЛДАҚ»

      «Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деген ұстанымдағы өнердің нұры, өмірдің гүлі болуды мақсат еткен Румия Арманқызы  БҚО облысы, Орал қаласында руханиятқа жақын өнерлі әулетте 2011 жылы 2 қарашада өмір есігін ашты. Бигалиевтер отбасы – Республикалық Мерейлі отбасы – 2016 байқауының дипломанты, БҚО бойынша «Мерейлі отбасы» байқауының Гран-при иегері. «Аты аңызға айналған Биғалиевтер ансамблі» тақырыбында «Отбасым» журналында жарияланған. Румияның кемел ойлы кемеңгер атасы Бигалиев Марат Қалиұлы –  «Өнерге қосқан үлесі үшін» және бірнеше медальдар мен «Құрметті азамат» аталымы иегері. Алтыннан ардақты әжесі Нұржамал Сүмбебайқызы «Өнерге қосқан үлесі үшін» медалі, «Ата-Ана Даңқы» орденінің иегері. Халықтық Бигалиевтер жанұялық ансамблінің мүшесі, дарынды   балауса Румия осындай тамыры тереңге кеткен тектіліктен нәр алып келеді. Биік болмысты әкесі  Арман Маратұлы – «Құрмет белгісі» орденінің, «Мәдениет майталманы» медалінің иегері. «Жаңару» Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы Жалпыұлттық Қозғалыс» РҚБ комиссары. Асылзат анасы Баян Асқарқызы – Румияның тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Жас өрен 2014 жылы №44 «Мерей» балабақшасында дүниетанымын кеңейтті. Румия бүгінде №42 Ақниет гимназиясының 2 «Б» сыныбында  ұстазы  Бопилова Рысты Елемесқызының бағыт беруімен сапалы білім алуда. Бұл күнде  «Жастар» Мәдениет үйі МКҚК, «Ақ кеме» эстрадалық студиясында Ахметова Ақмарал Алиқызының жетекшілігімен өз өнерін жетілдіріп келеді.
      Жетістігі: Балабақша қабырғасында «Өнерлі отбасы» сайысынан І орын жүлдегері; «І курс обучения общей хореографии» Сертификаты иегері; Мектепалды даярлық топтарының арасында өткізілген «Өнерлі қыз, өнегелі ана» байқауында І орын мадақтамасы; Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында «Бейнебаян» жанры бойынша І дәрежелі диплом иегері; «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Республикалық өнер мен білім байқауында «Эстрадалық вокал» жанрында Бас Жүлде жеңімпазы; «Ұлы Дала Дарыны» жобасының Республикалық жоғарғы финалы Бас Жүлде; «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік...» тақырыбындағы   «Тәуелсіздік шежіресінен...» суреттер галереясы байқауында  арнайы Дипломмен марапатталған. Хореография өнерінің «Танцевальный калейдоскоп» облыстық ашық фестиваліне қатысып, «Білезік» ансамблі құрамында І орын жеңімпазы атанып,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, әнші, ұстаз Сәуле Жанпейсованың қолынан Алматы қаласына жолдама алды.  Менталды арифметика курсының  І деңгейлі сертификаты; Облыстық, қалалық І кезең жеңімпаздарының өнері Шалқар Радиосы арқылы эфирден насихатталып, орындаған шығармасы Қазақ Радиосының алтын қорына алынады. ІІ кезең:   Республикалық сайыстан Румия Арманқызы І орын иеленіп, Астана қаласында өтетін Халықаралық конкурс-фестиваліне жолдама алып, мерейі үстем болды. ІІІ кезең: 2020 жылы наурыз айында «AMANAT music» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің қорытынды кезеңінде Маратова Румия шет мемлекеттерден келетін өнерпаздармен сайысқа түсіп, өз өнерін көрсетеді. Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының шыршасына шақырту алып, өз өнерін көрсетті. Жастар Мәдениет үйі МКҚК-ның ұйымдастыруымен Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуын орай Қадыр ақынның өлеңдерін оқу конкурсының жеңімпазы және Арнайы сыйлық иегері атанады. «Ынтымақ» өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен өткен «Абай», «Мұқағали» оқуларының Гран При иегері; «Alash» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда Бас жүлде; «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты байқауда Бас жүлде; «Жас Жұлдыз» Республикалық байқауында Бас жүлде иегері атанды.
      Сүйікті ісі: Ән салу, би билеу, музыка тыңдау, анасына көмектесу.
      Арманы:Елші болып, елдер достастығын сақтап, Қазақ елінің мақтанышына айналу.




















Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости