«ҚАЗАҚ ПЕН ДОМБЫРА – ЕГІЗ ҰҒЫМ»
Қазақ ұғымында «Қызы бар үйдің босағасына бақыт құсы ұя салады» деген киелі ұғым бар. Онымен қоса, ақылына көркі сай моншақты арулардың бойындағы ибалы да инабатты қасиеттері ата-анасының тәлімді тәрбиесімен ұштасып жатырса, нұр үстіне нұр емес пе?.. Берекелі отбасының ұлылығын дәріптеп жүрген жанұяның жауқазын гүлі – Марат Асылай. Өнерлі ару Асылай Жомартқызы – 2006 жылы 13 қыркүйекте өмір есігін ашқан Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының төл перзенті. «Айгүл» балабақшасының түлегі, бүгінгі күні Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының зерек ойлы жас дарыны. Ардақты әкесі Исаев Жомарт
«Евро-Хим» ЖШСнің энергетигі, осы саланың тәжірибелі маманы, жастардың үлгі тұтар ағасы. Ақниетті ару-анасы Тауасарова Ләззат – Сарысу ауданына танымал білікті ұстаз, математика пәнінің мұғалімі. «Ата-анам – асыл қазынам» деп, перзенттік қамқорлығын танытып жүрген бауырмал ағасы Маратов Аят – архитектура саласы маманы болса, сырлас досы, әпкесі Марат Аида – туризм саласының қызметкері. Арқа сүйер ағасы Марат Айдос – 11-сыныптың бітіруші түлегі. Кемеңгер ақын, ойшыл Ш.Құдайбердіұлы: «Талаптан да білім мен өнер үйрен, білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл» деп, бекер айтпаса керек-ті. Осы бағытта жасынан білімге, ұлттық өнерге құштар Марат Асылай – жетістік баспалдағымен біртіндеп жоғары өрлеп, табыс шыңынан көрініп жүр. Домбыраның күмбірлеген үні мен поэзия әлемі – сырлы сазға, ырғақты динамикаға толы әлем. Осы жолда жұлдызы жарқырай көрінген өнерлі ару биік шыңға көз тігеді.
Жетістігі: «Үздік оқығаны үшін» Мақтау қағазы; 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Жастар жарқын қадамға!» атты аудандық «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойынының Бас Жүлде жеңімпазы;
Аудандық мектеп оқушыларына арналған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру мақсатында «Рух жаңғырығы – Ұлт жаңғыруы» атты өнер байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша ІІ орын Мадақтама иегері; «Атадан қалған мұрамыз» атты домбырашылар арасында аудандық жыр-терме және күй орындаушылар байқауының І орын Мадақтамасы; «Талантты жастар» Республикалық өнер мен білім байқауының «Аспапта ойнау» (Домбыра) бөлімі бойынша «Жеңімпаз» атанған Бас Жүлде иегері; «Халық аспаптары» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері, Лауреат, қола медаль иегері; Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы аясында 5-8-сынып оқушылары арасында өткен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты жас ақындар мүшәйрасының І орын иегері; «Балет және Ұлттық биді дамыту және қолдау» жеке қорының хореографиялық үйірмесінің есептік концертіне белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат иегері; Жаңатас қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жер» бағдарламасы аясында өткен «Туған жерім – тұнған шежірем» атты әдеби кешіне белсене атсалысқаны үшін Алғыс хат иесі; Халықаралық математика олимпиадасына қатысушы сертификаты; Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Ағылшын тілі пәні бойынша қашықтық олимпиадасында І дәрежелі Диплом жеңімпазы атанды.
Сүйікті ісі: Би билеу, домбырада ойнау.
Арманы: Кәсіби дәрігер мамандығын алып, заманауи үлгідегі жеке клиника ашу.