Майданова Әсемай

Рейтинг:


«ЖАНЫ ЖАЙСАҢ, ЖҮРЕГІ ДАРХАН, КӨҢІЛІ КӨРКЕМ»

      Биіктерге ұмтылатын, өресі биік ізденімпаз өрен Асемай Сәкенқызы  Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында бірлігі мен ынтымағы жарасқан отбасында 2009 жылдың қараша айының 20 жұлдызында өмір есігін ашқан. Ол бақыты мен болашағын ұрпағымен байланыстыратын Майдановтар әулетінің мақтанышы болуға ұмтылып ержетуде. Отбасының саялы бәйтерегіндей асыл ана Нұрзила – Асемайдың сүйікті әжесі, мақтанышы. Нұрзила апай білім саласында 40 жылдан астам еңбек еткен ардагер-ұстаз. Ата-анасынан тағылымды тәрбие алып, ақыл-кеңесін тыңдап ертеңіне қадам басып келеді. Ақылы дара, болмысы бекем әкесі  Сәкен Майданұлы – мұнай саласының маманы. Жүрегіне иман нұры ұялаған мейірбан анасы  Марал – есепші қызметінде. Отбасында Асемайдың алдындағы жанашыр әпкесі Нұржанай, арқа сүйер ағасы Бекнұр екеуі Мәскеу қаласында жоғары білім алып жүрген замнауи жастар. Ізінен ерген кішкентай сүйкімді сіңлісі Ақжарқын бар. Болашағына нық сеніммен қадам басып келе жатқан Асемай екі жарым жасынан бастап «Алақай» балабақшасына барып, таным көкжиегін кеңейтіп, жақсы мен жаманды ажыратты. Зейінді балақай Асемай мектепалды дайындықтан  «Аладдин» дамыту орталығынан өтіп, білім әлемінің алғашқы парағын ашты. «Білім – таусылмайтын кен, баға жетпес қазына» деген ұстанымдағы өрелі өрен 2016 жылы туған жеріндегі №19 орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, шәкірт атанды. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей, алғашқы ұстазы Новрузова Шамсия Асемайдың білімге деген талабын арттырып, дұрыс бағыт-бағдар берді. 2-сыныптан бастап білімпаз шәкірт Асемай Сәкенқызы  білікті маман, ұлағатты ұстаз Жанжігітова Райса жетекшілік ететін 4 «А» сыныбында білім алып, жақсы қасиеттерін дамытуда. Руханиятқа жақын өнерлі өрен көркем гимнастикамен айналысып, сурет салғанды ұнатады. Ғаламтор арқылы танымдық бағдарламаларды қарап, қосымша білімін жетілдіріп отырады. Табиғат аясында, теңіз жағасында серуендеу ұнайды.
      Жетістігі: Асемай Сәкенқызы – оқу  озаты. Білімсүйгіш шәкірт 2018 жылы Бастау Республикалық математикалық турнирінің қалалық, облыстық кезеңдерінен жеңімпаз атанып, Алматыдағы Бастау Республикалық математикалық турниріне қатынасты.
      Сүйікті ісі: Көркем гимнастикамен шұғылдану, бейнелеу өнерімен айналысу, жан-жақты даму үшін іздену.
      Арманы: Мектепті ойдағыдай бітіру, жоғары білім алу, Ұлы Қазақ Елінің гүлденуіне өз үлесін қосып, танымал тұлғаға айналу. Жақындарына тек қуаныш сыйлау.
 









Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Шынар- 19 мая 2022 23:56
Өркенің өссін, тек жоғарғы белестерден көріне бер😘🥰🤗

Последние новости