Қонысбек Айшолпан

Рейтинг:


«ОТБАСЫМНЫҢ ҚОЛДАУЫ – ЖЕТІСТІГІМНІҢ КЕПІЛІ»
 
      «Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң» деген ұстанымдағы көркем, ізетті, білімпаз өрен. Қонысбек Айшолпан Сабырқызы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 2006 жылы 9 сәуірде дүние есігін ашқан. Қазыналы қарттары бар толық отбасында тәлімді тәрбие алуда. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы» деген ұлы ұстанымды ту еткен отбасының Алатаудай биік тірегі, ардақты атасы Мурабеков Қонысбек пен жаны жаз, пейілі дархан, мейірімі шексіз әжесі Мурабекова Қанзияның үкілеген үміті мен көзқуанышы. Арқа сүйер қамқор әкесі  Мурабеков Сабыр мен аялы алақанына әлемнің бар жылылығын сыйдырған анасы Худайбергенова Улдай – жарасымды жұп. Сүйкімді балдырған, талапшыл Айшолпан Жаңаөзен қаласындағы «Ақбұлақ» балабақшасына барып, таным көкжиегін кеңейтті. Жаны жайсаң, көркем мінезді, өнерге біртабан жақын өнерлі өрен Айшолпан Сабырқызы қазіргі кезде Абай Құнанбаев атындағы №19 мектептің 8-сыныбында оқып, білім көкжиегін бағындыруда. Сынып белсендісі, оқуға ынталы, қоғамдық жұмыстарда белсенді шәкірт сыныптастары мен ұстаздарының мақтанышы,  «Ғылым таппай мақтанба» деген ұлы Абай сөзінен өмірлік тәлім алған ізденімпаз шәкірт. Үлкеннің алдын кесе өтпейтін мейірімді, ақкөңіл, жаны жайсаң Айшолпан қолынан келгенше оларға қамқорлық жасаудан жалықпайды. Бос уақытында киім үлгілерін салып, анимациялық мультфильмдер мен корей сериалдарын қарауды ұнатады. Талғамы жоғары Айшолпан ару сән үлгілерін зерделеп, бір-біріне үйлестіріп, өз қалауымен сәйкестіндіреді. Заманауи би өнерімен шұғылданып, кемел келешегінде балаларға арнап би студиясын ашқысы келеді.
      Жетістігі: Руханият әлеміне жақын Қонысбек Айшолпан – «Әже мен немере» сайысының І орын жеңімпазы. 2017 жылғы «Ақбота» Халықаралық марафонының қатысушы Сертификатын иемденген. 2019 жылы Республикалық «Үркер»   зияткерлік орталығы ұйымдастырған байқауға қатысып, Мәнерлеп оқу бойынша І дәрежелі Диплом мен І орынға ие болды. Сондай-ақ «Дарабоз» оқу орталығы ұйымдастырған Республикалық өнер сайысына трио құрамында қатысып, өнерпаз Айшолпан І орын жеңімпазы атанып, мерейі үстем болды. Мектепішілік түрлі сайыстардың жүлдегері.
      Сүйікті ісі: Сурет салу, би билеу , ән салу, дизайнмен айналысу, музыка тыңдау.    
      Арманы: Мектепті ойдағыдай бітіру, жоғары білім алу. Дизайнер мамандығын меңгеріп, қайрымдылық акциясына атсалысу. Шет мемлекеттерге саяхат жасау.


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости