Қазы Дана

Рейтинг:


«ПЕРЗЕНТ ЖЕТІСТІГІ – АТА-АНА МЕРЕЙІ»
 
      Тербеле жайқалған көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, айнала қоршаған асу-асу жоталары мен еркін тыныстар ауасы бар кең жазира дарқан далада бақытты өмір сүрген адамзат атаулының тілегі – бейбіт өмір, еркіндік. Таңертең қызыл шұғылалы нұрға малынып, арайлап атқан алтын күннің шуағымен құлпыра бой түзеген Қазы Дана да туған жерінің киелі топырағында бақытты балалық шағын өткізіп келеді. Ықыласқызы Дана 2009 жылы 19 наурызда киелі топырақ Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келді. Жаңаөзен қаласындағы № 5 «Сәуле» балабақшасында тәрбиеленіп, №12 бастауыш мектебінде білікті ұстаз М.Исаевадан білім алып, бастауышты «өте жақсы» деген бағамен бітірген. Қазіргі таңда  Жаңаөзен қаласындағы мектеп-лицейінің 5«А» сыныбында оқиды. Дана – көп балалы отбасының тұңғыш баласы. Ол өмірге келгенде, «қазағымыздың даналы қызы болсын» деген ниетпен есімін атасы қойған. Осы орайда, «Алдыңғы жақсы артқы жақсыға тәлімді ой, өнегелі ісін айтпаса, ел болғаның қайсы!?» демей ме сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев. Қайсар рухты атасы Мингайтбаев Қазы – Ауған соғысының ардагері, мейірімі шуақты әжесі Мингайтбаева Айсәуле – мұнай саласында еңбек еткен бүгінгі зейнеткер. Отбасының басшысы, тірегі әкесі Ықылас Қазыұлы мен аяулы анасы Айгерім Қанатқызы, сүйкімді сіңлілері  Айару, Назеркем, Кәусар дарынды Дананы мақтан тұтады. Қазы Дана –  білім жолында   оқуға белсенді, зейіні тұрақты, қабылдауы мен қиялы тез, логикалық ойлауы жоғары қабілетті оқушы. Білім мен түрлі бағыттағы интеллектілік, зияткерлік сайыстардың жеңімпазы.
       Жетістігі: Қалалық «Жауқазын» атты мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы шығармашылық фестивалінде І дәрежелі Дипломы; Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай балабақша бүлдіршіндері арасында өткен «Өнерлі балақан – 2015» байқауында ІІІ орын; «Наурыз шаттық әніміз» мәнерлеп оқу сайысында ІІ дәрежелі Дипломы;   Мектепішілік ағылшын тілі сабағынан «The world of nature» атты мәнерлеп оқу сайысында ІІІ орын иегері; Бастауыш сыныптар арасында өткен математика олимпиадасында ІІ орын марапаты; Қалалық «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жарысында ІІ орын Дипломы; «I sing in English»  атты ағылшын тілінен мәнерлеп оқу сайысында ІІ орын жүлдегері; Бастауыш сынып оқушылар   арасында өткен «Бастау» турнирінде ІІ орын Дипломы; Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты мектепішілік онкүндігі аясында «Рахмет, саған анашым!» байқауының І дәрежелі Диплом иегері; «Отан отбасынан басталады» атты отбасы күніне арналған «Менің отбасым» атты мәнерлеп оқу сайысынан ІІ орын марапаты; Алматы қаласында өткен Халықаралық «Ұлы Дала Ұрпағымыз» атты байқауының «Дәстүрлі ән» номинациясында ІІ дәрежелі Диплом иегері; «Дарын» бағыты бойынша «Ғажайыптар алаңы» викториналық сайысының 5-сыныптар арасында  І орын иегері. 
      Сүйікті ісі: Әртүрлі әдеби кітап оқығанды және домбырада ән салғанды ұнатады. 
      Арманы: Сапалы білім алып, жоғарғы санаттағы білікті балалар дәрігері болу.



 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Аида- 3 апреля 2021 11:21
Жаным Биіктерден көріне бер

Мадина- 3 апреля 2021 11:34
Дана жаным тек алға.Қажыма шаршама.Апажанымның көз қуанышы,мақтанышы.Жақсы көреміз сені.😘😘😘😘😘😘😘🌹

Последние новости