Кәдірбек Диас

Рейтинг:

«ЕЛІМЕ НЕ БЕРЕМІН ДЕГЕН ОЙДА ЖҮРЕМІН»
 
      «Жетістіктің тоқсан пайызы – тер, он пайызы – шабыт» деген ұстанымдағы  қабілетті өрен Кәдірбек Диас Қаршығаұлы Қазақстанның жүрегі – елордада өнегелі әулетте өмір есігін ашқан. Отбасының саялы бәйтерегі, ұлағатты атасы – Ұлы Отан соғысының ардагері, абыройлы азамат болған. Мейірбан, ақ пейілді әжесі көзі тірісінде Диас дегенде ішкен асын жерге қоятын еді. Ақ халатты абзал жандардың қатарындағы нағашы атасы да Диасты қатты жақсы көреді. Адамгершілігі мол, бір сөзді, ардақты әкесі Касенов Қаршыға мен жібек мінезді, нұр шұғылалы анасы  Касенова Көркем – жарасымды жұптар қатарында. Диас – отбасының тұңғыш перзенті, жарқыраған жұлдызы. Бауырмал баланың ізінен ерген Мирас, Мейірлан есімді інілері мен сүйкімді қарындасы Зияда бар. Диас №37 «Арман» балабақшасына барып, таным көкжиегін кеңейтті. Білімпаз шәкірт 1-3 сыныпта №52 орта мектепте оқыса, 4-6 сыныптар аралығында №64 мектепте білім алды. «Білім – бітпейтін қазына» деген ұстанымдағы Диас бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында 11-сыныпта оқып жүр. Диасты білім көкжиегіне жетелеп жүрген ұстаздары Муаммер Гуль ағайы, Нұргүл апайы, Мұхтар ағайы. Кәдірбек Диас – спорттық жарыстардың да жеңімпазы. Биология пәнін жақсы көретін Диас теңіз асты әлемін зерттеп, гендік инженерия саласын зерделеп, ғылыммен айналысуды да жоспарлап отыр. Биология пәнінің қыр-сырымен таныстырып, жетістіктерге жетелеп жүрген ұстазы Әділет Сагинтаев ағайының еңбегі орасан зор.
      Жетістігі: Кәдірбек Диас –  2014 жылы «Гамбит» шахмат мектебі ұйымдастырған Шахматтан ІІ разряд деңгейінің біліктілік турнирінің І орын жеңімпазы атанды. «TCAM Youth Chess Open»  балалар шахмат фестивалінің Сертификат иегері. 2016 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық (ІІ) кезеңінің Грамотасын алған. 2016 жылы облыстық олимпиада дайындығында биология пәнінен өзінің білімінің жоғары деңгейде екенін көрсетіп, ІІІ орынды иемденді. «Жас биотехнолог» қалалық сайысының Сертификаты мен  ІІІ орын жүлдегері. 2017 жылы «Білім-Инновация» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы жаратылыстану пәндері бойынша өткен «Қазақстан Білім олимпиадасының» биология пәні бойынша І орын жүлдегері.   «Қазақстан Білім олимпиадасының» биология пәні бойынша 2018 жылы тағы да  І орын жеңімпазы атанды. 2018 жылы биология пәнінен Республикалық олимпиадада ерекше жетістіктер көрсеткені үшін Грамота иемденді. 2018-2019 жылдары  «Лицей жұлдызы» атағына лайық деп табылды. 2019 жылы жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық (ІІІ) кезеңінің биология пәні жеңімпазы, І және ІІ дәрежелі Диплом иегері. 2019 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың жүлдегері ретінде ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Бразилия Халықаралық «MOSTRATEC» олимпиадасының қола жүлдегері.
      Сүйікті ісі:  Спортпен шұғылдану, достарымен серуендеу, өзін-өзі дамыту, шахмат ойнап, коньки теуіп, жүзу спортымен де шұғылданады.
      Арманы: Шет елде оқып, сапалы білім алу, биолог мамандығын меңгеру. Қандай іс атқарса да, халқына пайдалы болып, еліміздің мақтан тұтар азаматына айналу.













Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости