Қадыр Іңкәр

Рейтинг:

«ТАЛАНТТЫ,  ІЗГІ НИЕТТІ, КӨҢІЛІ КӨРКЕМ ҚЫЗ»

      «Үйренгенімнен үйренерім көп» деген ұстанымдағы әдепті, зерделі, қабілетті  Іңкәр Рустемқызы 2008 жылы 18 қарашада Тараз қаласында толық отбасында дүние есігін ашты. Жақындарына деген құрметті бәрінен жоғары қоятын алғыр қыз отбасының қазыналы қарттары – ардақты атасы Қадыр мен мейірбан әжесі Сәрсенкүлдің, нағашы ата-әжесі Ниязали мен Эльмираның сүйіспеншілігіне бөленіп, тәлімді тәрбиесімен бой жетіп келеді. Бүгінде парасатты қариялар бейнетінің зейнетін көріп, немерелерінің қызығын тоймай жүр.  Биік болмысты, бір сөзді   әкесі Айтбеков Рустем Кадырұлы   мен шуағы мол, ізгі ниетті анасы Назарбекова Жанна Маратқызы – бала бақытын басты орынға қойғандар қатарында. Бауырмал, көпшіл, сезімтал Іңкәрдің алдында арқа сүйер ағасы Әділет  пен ізінен ерген сүйкімді інісі Әділжан бар. Отбасындағы тәлімді тәрбиесін алғыр балдырған №8  балабақшасында жалғастырған Қадыр Іңкәр  білім алар кез келгенде Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясына шәкірт болып қабылданады. Аталмыш білім ордасында ол өзін тек жақсы жағынан көрсете алды. «Білім – маржан» деген ұстанымдағы Іңкәр Рустемқызы қазіргі таңда 6-сыныпта білім алуда. Жаңашыл жас сабаққа ынталы, қоғамдық жұмыста белсенді, досқа адал, сырға берік. Жібек мінезді көркем қыз тынбай ізденіп, ағылшын тілі курстарына   тұрақты түрде қатысып, тілдерді жетік меңгеруге де уақыт табады. Кәсіби түрде би, «жетіген» ұлттық аспабында ойнап, ән үйірмесіне де қатысады. Сән әлеміне жақын Іңкәр модельдік агенттіктің тұрақты мүшесі болып табылады. Бос уақытында ән айтып, сурет салып, достарымен бас қосуды ұнататын көркем қыз дене сымбатына ерекше көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанады.  
      Жетістігі: Халықаралық Қазақстан Таланттары Рухани-Патриоттық «CID UNESCO-2015»  байқауына қатысып, «Хореография» номинациясы бойынша Бас Жүлде алған жеңімпаз. «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер орталығыныӊ ұйымдастыруымен өткен ән-би фестивалінің  «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша І орын жүлдегері, 2015 жылы Түркия мемлекетінің Анталья курортты қаласында өткен IAF Халықаралық өнер фестивалінің «Вокал» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом иегері. 2016 жылы «Шаттық» Халықаралық фестивалінің лауреаты, ІІ Республикалық «Өнерге қанат қаққандар» ән-би және өнер байқауына қатысып, «Вокал» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алған. «Қош келдің, құтты Наурызым!» атты Республикалық шығармашылық байқауының «Вокал» номинациясы бойынша Бас Жүлдесін жеңіп алып, мерейі үстем болды. 2017 жылғы «Ғұмырдария» ән-би телефестивалінің лауреаты, Республикалық «Шашу» өнер фестивалінің, «Хореография» номинациясының І орын иегері. 2018 жылы Сұлулық пен балалар шығармашылығының Республикалық фестивалі «Аруайналайын, Наурыз жұлдыздары» Grand Prix Young Miss Beauty және Best National Costume Дипломымен, Super Grand Prix Best Talent – 2018  және «Vokal» Grand Prix  Дипломдарының иегері. IAF Халықаралық өнер фестивалінің «Вокал» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. «Бозторғайға – 20 жыл» балалар шығармашылығының Халықаралық өнер жарысының Дипломын иемденіп, «Жас Ұлан» әскери-патриоттық әндерінің ХХ республикалық фестивалінің «Бозторғай» үлгілі ән-би ансамблі «Би жанры» номинациясы бойынша ІІІ орын жүлдегері. «Өнерлі балақайлар» атты І және ІІ Республикалық ән-би және өнер байқауының ІІ және ІІІ орын иегері. Аталмыш конкурстың ІІ Республикалық байқауының «Сән үлгісі» номинациясы бойынша Бас  Жүлде алған жеңімпазы. VІ Республикалық «Жұлдызға жол» балалар мен жасөспірімдер байқауының «Хореография» номинациясы бойынша «Бозторғай» ән-би үлгілі ансамблінің ұүрамында  Бас  Жүлдеге лайық деп табылды. 2019 жылы «Өнерге қанат қаққандар» ІІІ Республикалық өнер байқауының , «Хореография» номинациясының І орын және «Вокал» номинациясының ІІ орын иегері. Республикалық «Жас дарын Art Kazakhstan» байқауының І орын жүлдегері. «Атадан-мұра» қоғамдық қорының 2018-2019 оқу жылындағы Республикалық байқауларында Бас жүлде иегері атанып, Суперфиналдың ақтық кезеңінде өнер көрсеткені үшін БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» өнер мен білім байқауының «Хореография» жанры бойынша Бас  Жүлде, «ЖасStar music festival Art Kazakhstan» Республикалық мега-фестивалінің «Хореография» номинациясы бойынша лауреат атанып, І орын алып, жеңіс тұғырына көтерілді.
      Сүйікті ісі: Заманауи билерді билеу, өзге тілдерде ән салу, ата-әжесіне көмектесу.
      Арманы: Өнер саласының жарқыраған жұлдызы, атақты әнші, биші болу.




Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости