![]()
«ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІНДЕ»
Өнегелі отбасында өресі биік ата мен мейірімді әженің тәрбиесін бойына сіңірген перзенттері саналы тәрбие, биік адамгершілік үлгісін көріп өседі. Оның атасы мен әжесі – көпті көрген данагөй қариялар, отбасындағы перзенттерін ұлттық ұлылыққа баулып, ізгі қасиеттерді бойларына сіңіруде тәлімді тәрбие беріп келеді. «Бала тәрбиесінде жас баланы еңбекке баулу керек. Еңбек тәрбиесіне
![]()
баса назар аудару қажет. Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім деп айту – екі талай» деген жазушы С.Көбеевтің парасатты ойын басшылыққа алатын шаңырақтың қазыналы қарттары: құрметті атасы Ермашев Кеңес пен ардақты әжесі Ермашева Василья – зейнет жасындағы жандар. Шаңырақтың қорғаны, асқар тауы әкесі Ермашев Еркеш пен отбасының берекесі мен ұйытқысын сақтап отырған отанасы Айтжанова Құралай және арқа сүйер, қайсар мінезді ағасы Кеңес Сырым – өзінің жарқын болашағын ғылымның жаңа ізденісімен, сара жолымен байланыстырғысы келетін жас ізденуші Мұхаммедалидің өмірдегі ең қымбат қазыналары. Мұхаммедали Еркешұлы 2002 жылы 1 қарашада Тараз қаласында өмірге келген. Дарынды ұлан 6-сыныбына дейін Ғ.Қайырбеков атындағы №2 гимназияның қабырғасында сапалы білімімен дарабоз атанса, бүгінгі күні «Білім-Инновация» лицейінің 10-сыныбы шәкірті атанып, кемел білімімен келешекке қадам басып барады. Сабақта үздік, ойы ұшқыр талантты оқушы. Адамзаттың ақыл-ойын дамытатын шахмат ойынына деген қызығушылығы ерекше.
Жетістігі: Халықаралық биология пәні олимпиадасында ІІІ дәрежелі Дипломы мен қола медаль иегері; VІІІ Халықаралық Қ.Сәтпаев атындағы олимпиадасы «Биология» жобасы бойынша ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері; ЖББ пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ қалалық кезеңінда биология пәні бойынша 2019 жылы ІІ, 2020 жылы І дәрежелі Диплом жүлдегері; Шахматтан біліктілігін анықтайтын І разряд нормасында ІІІ орын Грамотасы; ІІІ разрядты нормамен турнирінде ІІІ разряд сертификаты; І разрядты нормамен ІІ разрядты орындағаны үшін сертификаты: «Снежинка» спорттық ашық балдық биінде І дәрежелі Дипломы мен медаль иегері; Қарағанды облыстық чемпионатында би турнирінде І орын жеңімпазы; Қазақстан би олимпиадасында ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері атанады.
Сүйікті ісі: Шахмат ойынын ұнатады. Спортпен айналысады.
Арманы: Ғылыми жаңалықтар ашып, ғылым мен инновация жолында білікті маман атану.