«ТЕРЕҢ БІЛІМ – АЛТЫН БЕЛГІГЕ АПАРАР ДАРА ЖОЛ» Кеңес Іңкәр
– болашақта сапалы білім ала отырып, отбасы мен ұстаздарының еселі еңбегін бағалап, мектепті «Алтын белгіге» бітіруді мақсатына айналдырып отырған дарынды жас. Аянқызы Іңкәр 2010 жылы 27 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. «Өркен» балабақшасында танымдық ойы мен көзқарасын жетілдірген балауса Іңкәр бүгінгі күні Алматы қаласындағы Жаңа ғасыр №175 гимназиясының үздік оқушылары қатарында болашаққа жарқын жүзбен қадам басып келеді. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы»
демей ме?! Білікті де ұлағатты ұстаздары, сынып жетекшісі Мамаева Гүлмира озат оқушысы Кеңес Іңкәрді мақтан тұтады. «Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей, Отанды сүю-отбасынан басталатыны рас!» деп, үнемі перзенттеріне аталық ақылын айтудан жалықпайтын парасатты үлкендері, ұлағатты атасы Мурзагулов Кеңес пен ардақты әжесі Баекенова Күлтәйдің бұрымды еркесі. Асқар тау әкесі Мурзагулов Аян мен жан шуақты анасы Абишева Динараның үкілі үміті. Өзінен кейінгі кішкентай бауырлары: Ысмайыл, Әбілқайыр мен Абылайға қамқор әпке. Білім байқауларында жоғары биіктіктен көрініп жүрген талантты оқушы би сахнасында да сан алуан марапаттарды иеленген.
Жетістіктері: «Балдәурен» оқу орталығын «Үздік оқығаны үшін» Мақтау қағазы иегері; Халықаралық «Солнечный свет» «Математика 1-класс» олимпиадасының І дәрежелі Диплом жеңімпазы; Математика пәні бойынша 2-сынып оқушылары арасында «Барыс – 2019» Республикалық олимпиадасының І дәрежелі Диплом жеңімпазы; «Озат» білім беру орталығында өткен күзгі лагерьде көзге түсіп, жақсы нәтиже көрсеткені үшін Мақтау қағазы; Мектепішілік «Бестіктер» сайысында ІІ орын Грамотасы; «Inter Press» білім беру орталығы ағылшын тілі курсының 1-деңгейін бітіргендігі туралы сертификаты; VІІІ Халықаралық би чемпионаты «PRO ТАНЦЫ KZ» байқауында І орын иегері; Халықаралық «DANCE MASTER – 2019» UniStars ансамблі құрамында ІІ дәрежелі Дипломы мен арнаулы кубок, медаль иегері; Аудандық ғылыми жобадан ІІІ дәрежелі, қалалық ғылыми жобаға «Пияздың пайдасы» атты тақырып бойынша ғылыми жобасын ұсынып, ІІ дәрежелі Диплом иемденді. Республикалық би турнирінің «Ұлттық би» номинациясында І дәрежелі лауреат және Диплом иегері атанған.
Сүйікті ісі: Көркем әдеби кітап оқу. Логикалық есептер шығару. Би билеу.
Арманы: Ақ халатты абзал жан – дәрігер болу.