Ильясова Балжан

Рейтинг:

«КӨҢІЛІ КӨКТЕМДЕЙ КӨРКЕМ, ЖАНЫ НҰРЛЫ БАЛАУСА»
 
      Данышпан Абай өз кезінде «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім» деген ойды келер ұрпаққа арнап айтқан болатын. Расында да,  жас буынның білімге құштарлығы мен қызығушылығы –  отбасында алған тәлімді тәрбиесі мен мектептегі жан-жақты жетілген оқушы болмысынан бастау алары айқын.  Балдай тәтті балдырған Балжан киелі мекен Маңғыстау  облысы, Қарақия  ауданы, Мұнайшы ауылында  2005 жылы 14 мамырда дүние есігін ашқан. Қазіргі күні Мұнайшы ауылындағы №5 орта мектебінің алдыңғы қатарлы шәкірттерінің бірі, 9-сынып оқушысы. Шаңырақтың киелі қазыналары,   өнегелі атасы Екібаев Ілияс Бекмырзаұлы мен мейірімді жүзді әжесі Екибаева Руфа Увашқызының көзқуанышы. Отбасының тірегі, асқар тау әкесі Бекмурзаев Болат Ильясұлы мен жайсаң мінезді,  аяулы анасы Тулепбергенова Венера Сережайқызы жаңа идеялары мен бастамаларына қолдау танытып, қамқорлықтарын көрсетіп келеді. Алғашқы терең білімнің негізі – бастауыш сыныптан бастау алары сөзсіз. Бастауыш сыныптан  бастап баланың жан-жақты ашылуы, оның білімге деген  қызығушылығы оянады. Сондықтан да әр шәкірттің жүрегінен орын алар «Бастауышым – бастамам, бал бұлағым» деген өлең жолдарының маңызы ерекше. Білім берудің бастауыш сатысында  үздік білімімен ерекшеленген озат шәкірт  Ильясова Балжан: «Әрқашан әдептілікті сақтап, әдемі болып жүрейік» деген ұстанымды жанына серік еткен.
      Жетістігі: 1-7 сыныптар аралығында оқу үздігі. 2010 жылы кенттік «Тәуелсіздік жаңғырығы» өнер фестивалінде хореографиялық жанр бойынша І орын, 2013 жылы «Бояулар сыр шертеді» атты мектепішілік сурет байқауынан І орын жеңімпазы атанды. 2014 жылы «Зерде» сайысынан жүлделі ІІ орын, аудандық «Менің қуанышымды менімен бөліс» атты балалар шығармашылық сурет байқауынан ІІ орын жүлдегері. Қазақ тілі пәнінен эссе байқауынан 2017 жылы ІІ орын алған жүлдегер. 2018 жылы «Жаратылыстану ғылымдары – өмірдің тірегі» атты апталығында «Математикалық регата» сайысынан «Үздік көшбасшы» номинациясын иемденеді және ІІІ орын иегері атанады. 2018 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ІІІ орын,  аудандық «өзін өзі тану» пәні оқушылар олимпиадасында ІІ орын иемденді. Республикалық «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен жалпы Республикалық шығармашылық байқауға қатысып «Қара шаңырақ» атты номинациясы бойынша үздік деп танылып ІІ орын, аудандық «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар екінші Республикалық интелектуалдық конкурсында «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын алған талапкер. 2019 жылы «Ажар-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Тіл білгірі» интеллектуалды байқауынан ынталандыру аталымын иемденеді. Мектепішілік сайыстарының І,ІІ,ІІІ орын иегері және «Бала би», «Балдырған» журналдарында өзінің өлеңі, суреттері шығып отырды. 2019 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен жүлделі ІІ орын имденіп, мерейі үстем болды.
      Сүйікті ісі:  Музыка тыңдау, кітап оқу, сурет салу, би билеу, фильмдер қарау.
      Арманы: Абылай хан Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шет тілдер факультетіне түсіп, Movement Lifestyle би мектебін аяқтап, хореограф және аудармашы мамандықтарын меңгеру.
 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости