Жаксыгулов Батыр

Рейтинг:

«ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТЕР ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ  АЛҒЫР ҰЛАНЫ»
 
      «Шынықсаң, шымыр боларсың» ұстанымын басшылыққа алып,  спортты оптимистік көзқараста болу деп санайтын отбасының дарынды ұланы Жаксыгулов Батыр Русланұлы 2007 жылы 23 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданында дүниеге келеді. Текті әулеттің перзентіне парасат биігіндегі ұлы атасы  Жаксыгулов Садық Шәкелұлы – Кеңес Одағының батыры атағын алған танымал тұлғаның құрметіне   Батыр есімі беріледі. Кемел ойлы атасы   Жаксыгулов Талап Садыкұлы мен мейірімі мен шуағы мол әжесі Жаксыгулова Жумаганым Бактыгерейқызының тәлімді тәрбиесімен ер жетіп келеді. Ер мінезді, еңбекқор әкесі Жаксыгулов Руслан Талапұлы мен жайсаң мінезді мейірбан анасы Жаксыгулова Нургуль Мирзаканқызы – бала бақытын басты орынға қойғандар қатарында. Батыр – отбасының тұла бойы тұңғышы, үкілеген үміті. Батыр – ізінен ерген інісі Султан мен сүйкімді қарындасы Жанэттің қамқор ағасы, жанашыры. Атасы мен әжесінің қолғанаты  бауырмал Батыр 2009-2013 ж.ж. Тасқала аудандық «Ақбөпе» балабақшасында тәрбиеленіп, оң мен солын таныды. 2013 жылы Тасқала аудандық Қ.Сәтпаев атындағы ЖОББ орта мектебінің табалдырығын аттап, алғашқы білімге бастар сара жолын қалыптастырды. 2017 жылдан бастап Батыр Русланұлы Тасқала аудандық «Сәулет» мектеп-лицейіннің 7 сыныбында білім алып жүрген сынып мақтанышы, талантты өрен, сайыпқыран спортшы, озат оқушы. Салауатты өмір салтын ұстанатын ұлағатты ұлан аудандық спорт мектебінің жанындағы Футбол секциясына қатысады. Болашақта Реал Мадрид командасының мүшесі болуды қалайды. 
      Жетістігі: Бастауыш сыныптан бастап, олимпиадаларға белсенді қатысушы жеңімпаз ұлан 2015 жылы Ағылшын тілінен Халықаралық қашықтық олимпиадасында жүлделі І орын иемденген. 2015 жылғы 7 мамырда жарық көрген Тасқала аудандық «Екпін» қоғамдық-саяси газетінде «Ер есімі – ел есінде» атты Батыр атасы туралы мақаласы жарияланды. 2016 жылғы 1 қазандағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер газетінде «ЭКСПО көрмесі – мен үшін үлкен мақтаныш!» атты мақаласы жарық көрді. 2016 жылы «Кругозор» жобасы бойынша «Мир безопасности» Халықаралық байқауының І орын жүлдегері. 2016 жылы ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақ ойынынан Тасқала ауданының біріншілігінде жүлделі ІІІ орын иегері. 2017 жылы «Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «бастауыш сыныптар» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасының  І дәрежелі Диплом иегері. «Инфоурок» жобасы бойынша Халықаралық қашықтықтан өткен олимпиаданың  І орын жеңімпазы. 2017 жылы «Абакус» менталды арифметика  білім беру жүйесінде курсын сәтті аяқтағандығы туралы Сертификат иегері.
2018-2019 оөу жылында Сәулет мектеп-лицейінде Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік математика пәні бойынша екі жыл қатарынан ІІІ дәрежелі Диплом иемденіп, мерейі үстем болды. 2019 жылы Сәулет мектеп-лицейінде Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік физика пәні бойынша І дәрежелі Дипломмен марапатталып, жетістікке қол жеткізді. Жыл сайын Сәулет мектеп-лицейі ұйымдастыратын «Дене шынықтыру және Алғашқы әскери дайындық» апталығында шахмат және тоғызқұмалақтан жүлделі І орындарды иемденіп, жетістігін еселеуде.
      Сүйікті ісі: Спортпен айналысу, сурет салу, достарымен саяхатқа шығу.
      Арманы: Ұлы Қазақ Елінің көк байрағын әлемдік додаларда желбіретуді мақсатына айналдырып отыр. Олимп шыңын бағындыру – басты межесі.

 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости