Әбілда Сагида

Рейтинг:

«ӨРЕСІ БИІК, БІЛІМПАЗ ОҚУШЫНЫҢ КӨРКЕМ КЕЛБЕТІ»
 
      «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген ұстанымдағы талғампаз, сыпайы,  қабілетті Сагида Ақниетқызы 2011 жылы 15 тамызда Қызылорда  облысы, Шиелі ауданы, Бестам ауылында толық отбасында  өмір есігін ашқан. Кәусардың   қатарының алды болуына тәлімді тәрбие беруші көргені көп ұлағатты жандар – ата-әжесінің еңбегі зор.  Қазыналы қарттары, арқа сүйер даналары, атасы Ыбырай Абдилда мен әжесі Биметова Райша – ақ тілеулі жандар. Абзал әкесі Ибраев Ақниет Абилдаұлы – ұлағатты ұстаз, білікті маман.   Мейірбан   анасы  Даниярова Гулжан Егізбайқызы – балабақша әдіскері. Сагида – үйдің  үлкені, ата-анасының, бауырларының көзқуанышы. Ізінен ерген Ақберен және Елшуақ есімді бауырлары бар. Зерек, қабілетті, оқуға ынтасы жоғары шәкірт Сагида Ақниетқызы қазіргі кезде  №205 қазақ орта мектебінің 3 «Б» сыныбында білім әліппесін сынып жетекшісі, жаңашыл ұстаз Тоқсанбаева Лаззаттың басшылығымен меңгеруде. Жайдары мінезді, көркем келбетті Сагида – сыныптастары арасында беделді, жақындарына сүйкімді балауса болып, күн сайын жақсы қасиеттерін дамытып, қосымша үйірмелерге қатысып, мәдени іс-шараларға белсене атсалысатын жауапкершілігі мол шәкірт. Ізденімпаз, білімпаз оқушы қазірдің өзінде көптеген жетістікке жетіп келеді. 
      Жетістігі: Әбілда Сагида – 1,2 сыныптарды үздік оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағазымен бітірген оқу озаты. Шиелі аудандық «SAMGAU» оқу орталығының «Білімді ұрпақ – бақытты болашақ» атты пәндік олимпиадасының қатысушы Сертификатын иемденген. 2018-2019 оқу жылында «Кішкентай шеберлер» атты көрме сайысының Мадақтама иегері. Өнерпаз өрен Жаңажылдық «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» атты өнер сайысының І орын жеңімпазы. 2019 жылы «Білімді ұрпақ – ел тірегі» тақырыбындағы апталық аясында «Елбасы болсам» атты танымдық сайыстың Мадақтамасымен марапатталған.  Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «KEMEL» өнер-білім орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген «АБАЙ – ДАРА, АБАЙ ДАНА – ӘЛЕМДЕ» атты Республикалық Мәнерлеп оқу сайсына қатысып, І дәрежелі Диплом иемденіп, мерейі үстем, мәртебесі биік болды. Оның шығар биігі мен алар асулары әлі алда екені хақ. 
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, музыка тыңдау, би билеу, ағылшын тілін үйрену.
      Арманы: Жоғары білім алып, от тілді, орақ ауызды танымал журналист атану.






 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости