Әбіл Ұлпан Мұратқызы

Рейтинг:

«БИІККЕ ТАЛПЫНҒАН ӨНЕРЛІ ӨРЕН»
 
      «Еңбек – әлемнің төрешісі» деген ұстанымдағы талапты, тәрбиелі, зейінді өрен Әбіл Ұлпан Мұратқызы Маңғыстау облысы, Құрық ауылында  ынтымағы жарасқан отбасында 2008 жылдың 10 қаңтарында өмірге келген. Отбасының құрметтілері, Ұлпанның әкесі Мұраттың ата-әжесі – Уразалиев Әбіл мен Оразалиева Бақтылай Ұлы Отан Соғысының ардагерлері. Ардақты әкесі Әбіл Мұрат – автомеханик қызметіндегі абыройлы азамат. Алтыннан ардақты аяулы анасы Утегенова Алия – «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» дегендей, Құрық орта мектеп-гимназиясында ағылшын тілінен сабақ беретін ұлағатты ұстаз. Отбасының ортаншы перзенті, ұғымтал Ұлпан балабақшада тәрбиеленіп,  жақсы мен жаманды ажыратып, көп нәрсені үйренді. Білуге, білімге құштар талапты өрен 2013 жылы туған ауылындағы №1 орта мектебінің алғаш рет табалдырығын аттап, шәкірт атанды. «Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң тағы да оқу керек» дегенді басшылыққа алған Әбіл Ұлпан қазіргі таңда   6 «А» гимназия сыныбында білім алуда. Зерделі қыз сабақтан тыс ағылшын тілі орталығында білімін жетілдіруде. Руханият әлеміне жақын өнерлі өрен  балабақша қабырғасында жүргеннен бастап өз бойындағы дарынын байқатты. Мінезі көркем, алғыр, көпшіл Ұлпан – өзіне берілген тапсырманы аса ұқыптылықпен, жауапкершілікпен орындайтын оқушы. Сабағын жақсы оқып және де мектепішілік іс-шараларға да үнемі ат салысып жүреді.  Салауатты өмір салтын ұстанатын ұлағатты ұлан спортпен айналысқанды ұнатады.  Ұлпан Мұратқызы кемел келешегінде өнер саласының майталман маманы болып, домбырада ойнау өнерімен де көпке танымал болуды қалайды. Ұлпанның ақ армандары орындалып, биіктен көрінетініне сенімдіміз!
       Жетістігі: Ұлпан Мұратқызы – «өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағаздарымен марапатталған оқу үздігі. 2012 жылы балабақша атынан «Жауқазын» ән-би сайысына қатысып, «Бас жүлде» иемденген өнерпаз. 2015 жылы мектепішілік «Күз аруы» сайысында жүлделі ІІ орын алған. 2017 жылы «Жаңартылған білім – заман  талабы» атты бастауыш сыныптар арасында өткен «Білімді мыңды жығар» сайысында белсенділік танытқаны үшін 2017 жылы Құрық орта мектеп гимназиясы жанынан ашылған «КАСПИЙ» балалардың жазғы сауықтыру ақшатырында спорттық жарыстарға белсене қатысқаны үшін, 2017 жылы бастауыш сыныптар онкүндігінің арасында өткен «Менің гүлім, бұтағым, ағашым» атты презентация   сайысында ІІ орынға, «Тәуелсіздік тұғырым» сурет сайысында І орынға ие болып, мерейі үстем болды. 2017 жылы «Жаңартылған білім-заман талабы» атты бастауыш сыныптар онкүндігінде өткен «Сауатты диктант» сайысының І орын жүлдегері. 2018 жылы Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен қазақ тілі олимпиадасындағы үздік білімі үшін және 2019 жылы Қарақия аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Латын әліпбиіне көшу – заман  талабы» атты 5-6 сыныптар арасында латын әліпбиі негізінде жазылған диктанттар байқауына қатысқаны үшін Грамотамен, Қарақия аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Тіл апталығына орай өткен «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты кеште белсене қатысқаны үшін Грамотамен марапатталып, жетістіктерін еселей түсті.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, музыка тыңдау, домбырада ойнау.
      Арманы: Өнер саласының майталман маманы, әйгілі күйші болу.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости