Ешім Іңкәрдара

Рейтинг:

«КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ ДАМЫҒАН ӨНЕРЛІ ЖАС»
 
      Ізгілік шапағатынан нұр алып, бойыңа жақсылық жинап жүрген, «Арманды мақсатқа айналдырмай, мақсаттың нәтижесіне жетпей тынбаймын» дейтін ІңкәрДара 2007 жылы қазан айының 19 жұлдызында Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында үлкен отбасында өмір есігін ашқан. Жан жылуы мол отбасының көзқуанышы мен шамшырағы ІңкәрДара – отбасы мүшелерінің сүйіспеншілігі мен махаббатына бөленіп өсіп келеді. Өнегесі мол, сөзі дара, пейілі кең атасы Ақылбек пен ақ жаулығы желбіреген, жүрегі елжіреген асыл әжесі Гүлсім – сүйікті немересі десе ішкен асын жерге қоятын парасатты жандар. Өнегелі өреннің ұлы Бабасы Ешім – өз кезінде домбыра жасаудың майталман шебері болған, текті әулеттің жалғасы ІңкәрДара 3-жасынан бастап қасиетті қара домбыраны қолға алған дарын. «Ізденіс – даму, шыңдалу, жетістік кепілі» деп ойлатын оның өнерсіз бір күні өтпейді. Қосымша үйірмелерге барып, негізгі сабақтан тыс жеке дара іздену – алтын қыздың сүйікті ісі. Рухани азық болар білім мен өнерде талпынысы жоғары  ІңкәрДара Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектепте білім алып, Бекахметов Г.К., Нурланов Ш.Н., Калиев Р.С. баланың жақсы білім алып, лидерлік қабілетін дамытуға қолдау көрсетіп жүр. Барлық оқу үрдісі барысында балалардың критикалық ойлау қабілетінің жетілуін қадағалап, күнделікті қамқорлық көрсетіп жүретін ұстаздары Айдарова Г.Е., Мусабекова А.Ю., Мендигалиева С.С., Жакупова А.С., Карбозова А.К., «Қарақат» студиясында, Қарақат апайының жетекшілігімен 7 жыл бойы үздіксіз дәріс алып келеді. Ұлағатты ұстаздары: дәстүрлі әннен – Гүлшат пен Шахризат, жетігеннен – Марал, Мадина, саксафоннан – Еркін Рахметұлы сынды ағай-апайларына шексіз алғысын білдіреді.   ІТ бағдарламасы бойынша математиканы жетік меңгеріп жүрген  білімпаз шәкірт қазірдің өзінде Халықаралық математикалық сайыстар мен олимпиадаларда жетістікке жетуде. «Сен әдепті болсаң, біз көмек болайық» деп бағындырар белестеріне әрқашан қолдау көрсетіп, шығар биігіне жетелеп жүрген ұстаздары Ибатуллин И.Ж., Хасенова Т.С., Мырзахмет Ә.Б., Кашкимбаева Ш.К., Бекдаирова В.Ж. Қабілетті қыз заман талабына сай француз, қытай тілдерін меңгеруге ден қоюда. «Ойласа ойдың көсемі, сөйлесе – қызыл тілдің шешені болсын»   деп   тілді    меңгеруіне    атсалысып    жүрген    ұстаздары   Тоқтамысова А.А., 
Оспан Г.Ж., Сабыржанова А.А., Бимагамбетов А.М. Түрлі елдердің Қазақстан дамуына әсерін зерделеп, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания елдерінің ескерткіштері мен мұражайларына қызығушылық танытып, Қазақстанның тағылымдық тарихы мол таулы жерлерін: Ұлытау, Баянауыл, Оқжетпес, Алатау, Қоңыр әулие жерлерін аралап, саяхаттауды ұнатады.  Талғамы жоғары, қиялы жүйрік, ойы ұшқыр талантты өрен Ешім ІңкәрДара – «Агигай» тобының құрамында «Айгөлек» телеконкурсы мен 2013 жылғы дарында балалардың «Евровидение» конкурсына қатысып, өнер көрсетушілердің қатарында болуы – үлкен жетістігі.
       Сүйікті ісі: Кітап оқу, шет тілдерін меңгеру, білімін жетілдіру. Би билеу, сурет салу, ән айту, музыка тыңдау, табиғат аясында демалу.
       Арманы: Болашақта астроном маман болып, елді танытуға атсалысқан тұлға болу.






Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости