Есім Динара

Рейтинг:

«ЕЛІМІНІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСАМЫН» 
    
      «Адам баласы ақыл-ой, оқу-білім және парасатты ісімен озады. Басқаша оздым деу – бос әурешілік, ақымақтық» деген данышпан Абайдың даналық сөзінен қуат алып өсіп келе жатқан өрелі өрен. Есім Динара 2006 жылы 13 қаңтарда Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында мерейлі отбасында өмір есігін ашты.  Мәуелі бәйтеректей үш перзентті жан шуағымен, сүйіспешілігімен   жылытып, тәлімді тәрбие беріп жүрген ардақты  ата-әжесі, ата-анасы – көпшіл, еңбекқор жандар. Динара – берері мен айтары мол атасы Шораев Есім мен ақ жаулықты, ақпейілді әжесі Шораева Несібелінің жарқыраған шамшырағы. Биік болмысты әкесі Шораев Сүндет пен жайсаң мінезді, дархан жүректі анасы Султанова Эмманың үкілеген үміті. Ибалы да инабатты таланты арудың бойында   адами құндылықтар орын алған. Динара – отбасының тұңғыш перзенті, ізінен ерген інісі Рүстем мен Диляраға қамқор болып жүреді. Білім мен спорттағы  шығармашылық жолын шыңдап, заман ағымына сай шетел тілдерін меңгеріп, соны іс жүзінде қолдану – басты мақсаты. Жарқын болашағы үшін, бүгіннен әрекеттеніп жүрген білімсүйгіш  шәкірт   Есім Динара Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектепте білім алып, қазіргі кезде  Жаңаөзен мектеп-лицейінде 8 «В» сыныбында оқып жүр. Білімпаз шәкірт Динара   жаратылыс бағытындағы пәндерді жақсы меңгерген. Сынып белсендісінің сүйікті пәндері – химия және алгебра. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысатын білімпаз шәкірт барлық жағанын жан-жақты дамып, қосымша білімін жетілдіру үстінде.
      Жетістігі: Өнерлі өрен «Тәуелсіз елімнің жас ұланымын!» атты сурет көрмесінен жүлделі І орын иегері. ҚР Кіші ғылым Академиясының «Жастар және Ғылым» атты ХІХ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының Сертификаты иегері. «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының қатысушысы Сертификатын иемденген. Ағылшын тілі пәнінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Қашықтық Олимпиадасының жеңімпазы, І дәрежелі Диплом иегері, Қазақ тілі пәнінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Қашықтық Олимпиадасының жеңімпазы, ІІІ дәрежелі Диплом иегері.  «Алатау шыңы» атты ІІІ Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсының «Сахналық қойылым»  номинациясы бойынша І дәрежелі лауреат атанды. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Тарих» пәні бойынша Республикалық Қашықтық Олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін І дәрежелі Диплом иегері атанды. Мектепішілік жаратылыстану пәндері олимпиадасы бойынша және еңбек пәнінен «Үздік» оқығаны үшін Мадақтамамен марапатталған білімпаз. «Үздік оқушы – 2018»   аталымымен марапатталып, Мадақтама иемденіп, мерейі үстем болды.
      Сүйікті ісі: Білімін зерделеу, таным көкжиегін кеңейту, достарымен бас қосу. 
      Арманы: Болашақта оқуын ойдағыдай аяқтап, жоғары білімді маман атанып, Ұлы Қазақ Елінің дамуы мен гүлденуіне өз үлесін қосар тұлға болып қалыптасу.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости