Утегенұлы Абдурахман

Рейтинг:

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АБЫРОЙЛЫ АЗАМАТЫ БОЛЫП ШЫҒАМЫН!»
 
      Өрелі өрен Абдурахман Утегенұлы 2007 жылы 15 қаңтарда Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында жылуы мен шуағы мол отбасында дүниеге келді. Өнегелі отбасының қамқоры мен тірегі, ардақты әкесі Есболаев Утеген Есболаұлы мен жайсаң мінезді асылзат анасы  Успанова Гулзада Мухамбетярқызы – перзенттерін жақсылыққа бастап жүрген парасатты жұп. Абдурахман – отбасының кенже перзенті. Алдында арқа сүйер қос ағасы бар. Олардың үлкені Есболаев Арон Утегенұлы –  АРГУ-дің ІІІ курс оқитын үздік студенті, ал екіншісі  Есболаев Азиз Утегенұлы АРГУ-дің ІІ курсында жоғары білім алуда. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, отбасынан тәлімді тәрбие алған зерделі жас адамгершілігі мол, әдепті, тәрбиелі, ізденімпаз болып ер жетіп, білімнің де пайдасын ерте сезінді. Тумысынан алғыр, жігерлі, талапшыл ұл жасынан салауатты өмір салтын ұстанып, ағалары секілді спортқа жақын болып өсіп келеді. Футбол спортымен айналысып, көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Білімге ынталы, жақсылыққа жақын, спортқа бейім ұлан туған қаласындағы беделді білім ордасы – Жаңаөзен мектеп-лицейінің табалдырығын аттап, шәкірт атанды. «Білгенім бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз» деген ұстанымдағы саналы Абдурахман аталмыш мектептің 7 «Б» сыныбында білім баспалдақтарымен біртіндеп жоғарылауда. Сынып белсендісі, оқу үздігі, жауапкершілігі мол шәкірт, қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүреді. Абдурахманның алдына қойған мақсаты биік, жоспары айқын: 9-сыныпты ойдағыдай бітіріп, Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түсіп, оны Алтын белгімен бітіріп, ең мықты жоғары оқу орнына түсіп, білікті маман, сайыпқыран спортшы, халыққа пайдасы тиер абыройлы азаматтардың қатарына енгісі келеді. Мақсатыңа жет, жалынды жас талап!
       Жетістігі: Абдурахман Утегенұлы – үздік оқушы, мектеп мақтанышы. Білім мен спортты қос қанатындай қатар алып жүрген ұлағатты ұлан. Футбол спортынан Маңғыстау облысының чемпионы, «Үздік қорғаушы» атағының иегері. 2002-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында шағын футболдан ашық қалалық турнирде ІІІ дәрежелі Диплом иегері. 2006 жылғы  AMANAT CUP турнирінің «Ең үздік қорғаушысы» атағы және Диплом иегері. 2005-2006 ж.т. балалар арасындағы мини-футболдан Республикалық турнирінде МФК «Мұнайшы» құрамында жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Жаңаөзен қаласы аула клубтары арасында және футболдан Ашық қалалық турнирде ІІІ орынға табан тіреді. Футболдан Республикалық турнирде І орын; 2018-2019 оқу жылында «Білімді бала» номинациясын иемденіп Мақтау қағазымен, «101 мақал, 101 жұмбақ» сайысында жүлделі І орынмен Грамотамен марапатталды. «Алтын жүрек анашым» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысында ІІ орын; «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында ұйымдастырылған «Алтын жүректі анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысында 4-орын алды. Эко Болашақ Республикалық әлеуметтік-экологиялық жобасында көрсеткен белсенділігі үшін Мадақтамамен марапатталды. 2018 жылғы 100 метрге жүгіру сайысының І орын  жеңімпазы. Республикалық әлеуметтікэкологиялық жобасының Мадақтама иегері. 2019 жылы жыл сайын өткізілетін AMANAT CUP турнирінде үздік өнер көрсетіп, «Үздік қорғаушы» атағын иемденіп,  мерейі үстем болды. Қазақстан Әуесқой футбол лигасының қолдауымен 2007-2008 жылғы балалар арасында футзалдан өткен «NAYRYZ CUP – 2019» Республикалық турнирінде І орын алып, Грамотамен марапатталды. Мектеп ұжымының атынан Абдурахманның ардақты ата-анасына Алғыс хат, ал өзіне Бұрғылау ЖШС Бас директорының атынан Алғыс хат табыс етілді.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, қосымша білімін жетілдіру, спортпен шұғылдану.
      Арманы: Ұлы Қазақ Елінің гүлденуі мен өркендеуіне өз үлесін қосып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп, елін сүйген ер, ел мақтанышы болу.





 



 


Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости