Ерсайын Ернар

Рейтинг:

«ӨНЕРДІҢ ЖҰЛДЫЗЫ, ХАЛЫҚТЫҢ МАҚТАНЫШЫ БОЛУ – БАСТЫ АРМАНЫМ!»
 
      «Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек» деген ұстанымдағы Ерсайын Ернар Асқарұлы жастайынан білімқұмар болып өсіп келеді. Тумысынан зерек, алғыр,  озық ойлы балақай 2010 жылы 28 қазанда жер асты қазынаға толы, тағылымды таихы бар Атырау қаласында дүние есігін ашты. Парасатты атасы Мамбетов Ерсайын Каримұлы мен салиқалы, мейірімді әжесі Сариева Зоя Ернардың   келешекте кемел білімді саналы азамат болғанын қалап, қайырымдылыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулып келеді. Ернардың нағашы атасы Сағынгалиев Жолдыбай атақты әнші, Ернарды өнерге жетелеген алғашқы ұстазы. Әжесі Жуасова Алиманың сүйікті немересі. Балаларының адал, мейірімді, әдепті, білімпаз болып өскенін қалайтын ата-анасы да жақсы үлгі-өнеге көрсетуді мақсат еткен. Шарапаты мол, ер мінезді  әкесі Мамбетов Асқар Ерсайынұлы – жеке кәсіпкер. Жаны ізгі, көңілі дархан мейірбан анасы Сагингалиева Айгуль Жолдыбайқызы – Ернардың қорғаушысы мен барлық   бастамаларының қолдаушысы. Ернар – отбасының кенже перзенті. Алдында арқа сүйер қос ағасы бар. Отбасының тұңғышы, үлкен ағасы Темірхан  Асқарұлы – жоғары білімді инженер. Екінші ағасы Адильхан – 10-сыныптың оқушысы. Бауырлар өзара өте тату, бір-бірін айтпай түсініседі. Білімсүйгіш, ұғымтал, ой-өрісі кең Ернар Асқарұлы қазіргі уақытта Атырау қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының 3 «А» сыныбында оқып, білім баспалдақтарымен жоғары өрлеуде. Сынып белсендіс, түрлі дәрежедегі мәдени іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Өнерге, руханиятқа жақын, әнді сүйетін өнерлі өрен «Қарақат» студиясының Атырау филиалында вокал және актерлік шеберлік бойынша дәріс алып, шеберлігін шыңдауда. 
      Жетістігі: «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақ бота» Республикалық интеллектуалдық марафонының ІІ орын жүлдегері және Диплом иегері. Республикалық Лаула – 2020 онлайн байқауында Бас Жүлде Дипломымен марапатталды. Халықаралық «ПОНИ» сайысының қатысушысы ретінде,  SERPIN Білім және инновация ұлттық палатасы мен «Bilgen Baige»  ұлттық білім сайыстарының Сертификаттарын иемденіп, марапат қоржынына салды.
      Сүйікті ісі: Музыка тыңдау, ән салу, түрлі конкурстарға қатысу.
      Арманы: Өнер әлемінің жарық жұлдызы, атақты әнші, танымал актер болу.


   

 





Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости