Ермекбаева Айда

Рейтинг:

«ЖАЙДАРЫ МІНЕЗДІ, АҚЫЛДЫ,  ӨНЕРЛІ АРУ»
 
      «Халқының сақтай білген ізгі салтын» деген жылы сөзге лайық инабатты да, ибалы   мінезді Ермекбаева Айда Абилкаирқызы – өте ақылды өрен. Өзбекстан-Қарақалпақстан, Ходжели жерінде 2008 жылы 6 наруыз ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасында дүниеге келді. Маржан тастай көп ішінде жарқырап, топ алдында дараланатын Айда Абилкаирқызы қазіргі кезде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.  Әдеппен сөйлеп, әдемі күлетін биязы  Айда – жанұяда әкесі мен анасының айы мен күні. Асқар тау әкесі, алып қорғаны мен тірегі Турсынбаев Абилкаир Ермекбайұлы мен алақанының жылуы балаларын бақытқа бөлейтін анасы Досбергенова Айсулу Палуаниязқызы – жеке кәсіппен айнлысуда. Ізетті, бауырмал, көпшіл Аида – отбасының тұла бойы тұңғышы, үкілеген ақ үміті. Өзінен кейінгі Арай, Нұр-Мұхаммед есімді бауырларына жақсы үлгі көрсетіп жүрген жанашыр әпке. Қыз өссе – елдің көркі, шаңырақтың шаттығы. Кішкентайынан тындырымды, тіл алғыш қыз атқарған әр ісін тиянақты жасағанды жөн санайды. Үлкендерге қамқорлық көрсетіп, биязы қылығымен қуантатын қыздың хоббиі – сурет салу, бейнебаян түсіру. Дәмді тағамдар әзірлеп, тәжірибе жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізу және де табиғатта серуендеуді сүйікті ісіне айналдырған Айданың  келешегі кемел, болашағы жарқын. Білімпаз шәкірт Айда бүгінде Жаңаөзен қаласындағы 21 орта мектебінің  6 «Е»  сыныбында білім алуда. 
      Жетістігі: «Талап қыл артық білуге» деген Абайдың сөзін ұстанып, білім жолында ізденіс бағытынан таймайтын Айда Абилкаирқызы – көптеген аудандық, облыстық, республикалық білім бәйгелері мен зияткерлік сайыстардың жүлдегері. Республикалық «Сырлы бояу сыр шертеді»   байқауынын  ІІІ орын алған жүлдегер. Республикалық «Арайлы алтын күз» шығармашылық байқауынан ІІ орын иемденіп, мерейі үстем болды.
      Сүйікті ісі: Бет әрлеу, бейнелеу өнерімен айналысу, білімін жетілдіру.
      Арманы:  Жоғары білім алып, білім саласының майталман маманы атанып, танымал блогер болу. Ата-анасының үмітін ақтап, мақтанышына айналу.




















Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости