Ержан Балнұр

Рейтинг:

«ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРЫҚ, КӨҢІЛІ КӨКТЕМ, МАҚСАТЫ БИІК»
 
      «Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деген ұстанымдағы өнердің нұры, өмірдің гүлі болуды мақсат еткен   Ержан Балнұр Алматы облысы, Ескелді ауданында 2008 жылдың қыркүйек айының 12 жұлдызында дүниеге келді. Тамыры тереңге кеткен тектіліктен нәр алып, сүйіспеншілікке бөленіп, қызғалдақтай құлпырып өсіп келе жатқан Балнұр – отбасының үкілеген үміті, көзқуанышы мен жарқыраған шамшырағы. Қазыналы қарттар – отбасының баға жетпес байлығы. Балнұрдың парасаты мол атасы  Саруаров Батырхан мен ақ жаулықты, ақ пейілді әжесі Наметова Гулсум – тілекшілері мен сүйеніші. Үлкеннің алдын кесе өтпейтін мейірімді, ақкөңіл Балнұр қолынан келгенше ата-әжесіне қамқорлық жасаудан жалықпайды.  Шуағы мен шарапаты мол мейірбан анасы Саруарова Мөлдір – бала бақытын басты орынға қойғандар қатарында. Тумысынан өнерге жақын өрелі өрен ана тілін құрметтеу арқылы дүниетанымын кеңейтті. «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей, өзге тілдерді жақсы білсе де, мемлекеттік тілге деген құрметі ерекше. Бауырмал, көпшіл, зерек Балнұр Жаңақорған ауданындағы «Болашақ» балабақшасында тәрбиеленіп, әдеп әліппесін меңгеріп, дүниетанымын кеңейтті.  «Үйренгенімнен үйренерім көп» дейтін Ержан Балнұр 2015-2017 жылдары Жаңақорған ауданының №3 мектеп-интернатында 1-3 сынып аралығында оқып, 4-сыныпты Алматы қаласындағы М.Әуезов ауданындағы  №122 жалпы білім беру мектебінде жалғастырды. Білімде бәсекеге қабілетті, озық ойлы шәкірт Балнұр Ержан 2019 жылдың   қыркүйегінен бастап №126 мамандандырылған лицейінде білім алып, жыл сайын білімін жетілдіріп, барлық пәндерден оқу көрсеткішін жақсартып, мектепте белсенді оқушылардың бірі болып жүр. Жауапкершілігі мол шәкірт көптеген қосымша үйірмелерге қатысады. Жан-жақты болып өсіп келе жатқан өрелі өрен шытырман есептерді шығарып, қызықты бағдарламаларды көріп, спортпен айналысады. Біз де көңілі жайсаң, мінезі көркем, жүрегі дархан, адамгершілігі мол, ажарына ақылы сай ару Балнұрдың жарқын болашағына сенеміз. Тек биіктерден көрініп, мақсатыңа жет, жас талап!
      Жетістігі: Ержан Балнұр – «өте жақсы оқығаны үшін және үлгілі тәртібі үшін» Мақтау қағазының иегері, сынып белсендісі мен мақтанышы. 1-сыныпта математика пәнінен Халықаралық қашықтық олимпиадасынан жүлделі  ІІІ орын иемденген. «Бүгінгі білімім – ертеңгі байлығым» атты бастауыш сыныптар апталығында 1-сынып оқушылары арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» зияткерлік сайысының Диплом иегері. «Денсаулық фестивалі-2014» акциясында «Үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін» Мадақтамамен марапатталды. 2016 жылы «Толағай» спорттық сайысы бойынша ІІІ орын иегері атанды. 2017-2018 оқу жылы «Бала – жарқын болашағымыз» атты онкүндікте «Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік сайысының Мадақтама иегері, «Дара бала» номинациясының иегері атанып, мерейі үстем болды. 2018 жылы   3-сыныпта  «Ұлттар достастығы» би байқауына қатысып,  І орын жеңімпазы атанды. 4-сыныпта «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты поэзия  кешінде ІІІ орын, 2018 жылы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» сурет байқауында ІІІ орынды иемденіп, жетістік қоржынына салды. «Русский медвежонок – языкознание для всех» Сертификат иегері.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, есеп шығару, саяхатқа шығу, жүзу спортымен айналысу, анасына көмектесу, достарымен уақытты көңілді өткізу. 
      Арманы: Мектепті ойдағыдай бітіру, шетелде жоғары білім алу. Бірнеше тілді меңгеру, өмірден өз орынын табу. 

Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости