«ОТБАСЫНЫҢ ЖАРҚЫРАҒАН ШАМШЫРАҒЫ МЕН АҚ ҮМІТІ»
«Әдептілік – адам көркі» деген ұстанымдағы білімсүйгіш, әдепті, зерек өрен Ерғалиқызы Нарқыз 2005 жылдың желтоқсан айының 9 жұлдызында өмірге келген. Жақсылыққа баулитын ардақты атасы Төлепбергенов Жұмабай мен мейірімі шексіз әжесі Тулепбергенова Гулдана Орынбекқызы сүйікті немерелерін ыстық ықыласы мен жан жылуына бөлеп, ізетті Нарқызға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Атасы мен әжесі теміржол саласында қызмет еткен Еңбек ардагерлері, бүгінде – зейнеткерлер.Ажарына ақылы сай шарапаттты
анасы Тулепбергенова Жулдызай Жумабайқызы – Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінде «Бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің меңгерушісі және мұғалімі. Талапшыл, қабілетті Нарқыз ата-әжесінің тәлімді тәрбиесін жалғастырып, білім әлемі өз есігін ашып, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясына қабылданып, бүгінде 8 «Б» сыныпта білім көкжиегін бағындыруда. Ізденімпаз, қабілетті Нарқыз 2014 жылы Жаңатас қаласы балалар өнер мектебіне түсіп, 2018 жылы «Бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің толық курсын бітіріп, 6-шы жыл оқуын жалғастыруда. 2016 жылдан бастап Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Дойбы» секциясының тұтақты қатысушысы. Салауатты өмір салтын ұстанатын зерделі қыз бос уақытында кітап қарап, сурет салғанды ұнатады. Болашақта оқуын ойдағыдай бітіріп, заманауи мамандықтардың бірнешеуін меңгеріп, жеке кәсіп иесі болғысы келетін қыздың жоспары айқын, талабы таудай. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік, талғамы жоғары Ерғалиқызы Нарқыздың кемел келешегінде өмірден өз орнын тауып, ойға алған мақсатына жететіні анық.
Жетістігі: 2017 жылы «Менталды арифметика» курсы емтиханының үздік нәтижесі бойынша І деңгейін бітіргенін растайтын Сертификат иегері. 2017 жылы Облыстық «Алтын қазына» қолөнершілер байқауынан ІІІ орын алған жүлдегер. Республикалық «Қазақстан – болашағы біртұтас ұлт» атты интернет байқауы бейнелеу өнері бойынша Сертификат иегері. 2018 жылы Дойбыдан 2005-2006 ж.т. оқушылар арасындағы қалалық іріктеу жарысының І орын жеңімпазы. 2019 жылы «64» шаршы дойбыдан 2004-2010 ж.т. мектеп оқушылары арасында Сарысу ауданының ашық біріншілігінде ІІ орын иемденген. NIO KZ www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жеңіпазы. «64» шаршы дойбыдан 2003-2005 ж.т. қыздар арасындағы 2019 жылғы Жамбыл облысы чемпионатының ІІІ орын жүлдегері. 2019 жылы 7-8 желтоқсан аралығында өткен ІІІ Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауынан «Қолөнер» жанры бойынша үздік деп табылып, І орын үшін Дипломмен марапатталады. І Халықаралық «Dream fest» көпжанрлы қашықтық фестиваль-байқауынан Гран-При иемденіп, мерейі үстем болды.2019 жылы ІІ халықаралық «8 наурыз – әйелдер күні» атты сурет, фотосурет, ашық хат пен бұйымдар жасау байқауының І орын жеңімпазы. Республикалық «Мәңгілік ел алыптары» рухани-патриоттық байқауында «Сәндік өнері» номинациясынан І орын алған жүлдегер. «Жеті өнер» орталығы Алматы қаласы. Сондай-ақ аудандық мәдени-көпшілік іс-шараларына белсеңді ат салысып, көптеген жүлделі орындарды иемденген шәкірт.
Сүйікті ісі: Шығармашылық, қолермен айналысу, спортпен шұғылдану.
Арманы: Визажист-гример және қолданбалы өнер саласының маманы болу.