Ергенбай Сержан

Рейтинг:

«АТА-АНАМНЫҢ МАҚТАНЫШЫ БОЛЫП, ЕЛ СЕНІМІН АҚТАЙМЫН»
 
      Жігерлі, төзімді, батыл, көпшіл өрен Сержан Ергенбайұлы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында 2003 жылы 29 мамырда өмірге келген. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген ұстанымдағы кісілігі кемел әкесі Нурманов Ергенбай Шөлкенбайұлы OSC мекемесінде жүргізуші болып еңбек етеді. Жаны таза, жүрегі дархан, шарапаты мол анасы Суйевмаганбетова Оразгул – бала тәрбиесін басты орынға қойғандар қатарында. Сержан отбасындағы 4 баланың кенжесі. Оқуға ынтық, білімге құштар ұлан 2009 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы «Жетібай ауылының №3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1-сыныпқа қабылданды. Қазіргі таңда білімпаз шәкірт Сержан  №3 орта мектепте 11 гимназия сыныбының оқушысы. Сынып белсендісі, екпінді оқушының  білікті маман Ибраева Гүлназ Рысқалиқызына айтар алғысы шексіз. Мінезі ашық, көпшіл, қоғамдық шараларға үлкен жауапкершілікпен атсалысатын Сержан бала күнінен ән айтады. Ө.Қалманбетұлы атындағы Өнер мектебінің «Күй» сыныбында оқиды. Өнер мектебіндегі вокал пәнінен ұстаздары Таубаева Назира, Серджанова Айнұр, домбырадан ұстаздары Жарылғасын Ақжүніс, Ибрагимұлы Сағдат – өнерін ұштап, жетістікке жетуге баулуда. Ұлағатты ұлан – көптеген мектепішілік, ауданаралық, облыстық сайыстардың жеңімпазы. Өнерпаз ұлан жылуы мол жанұя мүшелеріне, ардақты ата-анасына перзенттік шексіз алғысын білдіріп, жақындарына қуаныш сыйлауға асығып тұрады.                  
      Жетістігі: Дарынды өрен 2016 жылы  Республикалық «Ақжелең» өнер байқауында вокал жанры бойынша   І орын алған жеңімпаз. 2017 жылы облыстық «Каспий жұлдызы» байқауында І дәрежелі лауреат атағын иемденді. 2017 жылы «Каспий жұлдызы» байқауының  Республикалық кезеңі бойынша  ІІІ дәрежелі лауреат атанып, мерейі үстем болды. 2019 жылы ІІ республикалық «Каспий жұлдызы» байқауында ІІІ дәрежелі лауреат, Халықаралық «Ұлттың ұлы мұрасы» ән байқауында  І орын алып, Алтын жүлде  иегері атанған Ергенбай Сержанның алар асулары мен шығар биігі әлі алда екені анық.  Нұр-Сұлтан қаласында өткен Н.Тілендиев атындағы V Республикалық «Өз елім» байқауында жүлделі ІІ орынмен марапатталған.   
      Сүйікті ісі: Ән салу, сазды ән тыңдау, домбыра тарту, спортпен шұғылдану.
      Арманы: Т.Жүргенов   атындағы өнер академиясына оқуға түсу. Қазақстанның атын шығаратын өнер майталманы, танымал тұлға болу.

 

 






Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Сержан- 12 ноября 2020 21:32
Оууу Это же яяяя

Последние новости