Дүйсенғали Ғазиза

Рейтинг:

«ДОМБЫРА ҮНІ – БАБАЛАР ҮНІ...»
 
      ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан экономикасы  сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Ендеше, мектеп сапалы, ұстаз  шебер болғанда ғана, елімізде білімді де білгір, талапты да талантты ұрпақ көбейе түсері анық.  Әрине, оған   тыныштығы мен ауызбіршілігі берік орын алған  отбасы мен бейбіт қоғамның да тигізер  үлесі зор. Бұл тұрғыдан келгенде, берекесі мен несібесі тасыған отбасының гүлі Дүйсенғали Ғазизаның  алар орны айрықша. Себебі ол – несібесін адал кәсібінен тауып отырған еңбекқор отбасының бір мүшесі. 
      Бақытжанқызы Ғазиза – 2006 жылы 1 қыркүйекте маңғаз Маңғыстаудың мұнайлы өлкесі Жетібай аулында, Дүйсенғали әулетін бақытқа кенелте келген тұңғыш немересі. Шаңырақтың қос шынары, қазыналы қарттары атасы Ізбергенов Дүйсенғали мен асыл әжесі Ізбергенова Оразгүлдің тағылымды тәрбиесін көріп өсті. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуде перзенттеріне үлгі болып отырған әкесі Ізбергенов Бақытжан мен аяулы анасы Ізбергенова Ишангүл – ұлы мен қызына ата-аналық мейірім-шапағын төгіп отырған үлгілі жұп. Инабатты Ғазиза ізінен ерген үш бауыры: Фатима, Мансұр, Назымға әрдайым әпкелік қамқорлығын көрсетіп, ақылшы болып жүр.
     Жетістігі: Әр жыл сайын «Үздік білімі мен үлгілі тәртібі үшін» Мақтау қағаздары,  2014-2015 оқу жылында «Бітіп жатқан бұлақтың көзін ашқан, Бар білім бастауыштан қалыптасқан»  атты сайыстың  ІІІ орын иегері; 2014-2015 оқу жылдары «Ауған соғысының қасіреті қайталанбас» атты тақырыбында және «Әрқашан күн сөнбесін!»   тақырыбында сурет көрмесіне қатысып, ІІ орынға ие болды.   Ғазизадай тәртіпті, ақылды қыз тәрбиелегені үшін 2015-2016 оқу жылында ата-анасына Алғыс хат табыс етілді. 2016-2017, 2017-2018  оқу жылдары ағылшын тілі пәнінен  NIO. kz сайтына қатысып, І дәрежелі Диплом марапаты; 2018-2019 оқу жылдары ағылшын тілі пәнінен аудандық жарыста ІІІ орын иегері; 2019-2020 оқу жылында   математика пәнінен ІІІ дәрежелі Диплом иегері.   Сонымен қатар, Ғазиза – ұлттық өнердің жаршысы. Домбыраның құдіретті үнінен шабыт алады. «Домбыра» сыныбын, оның ішінде «Жыр-терме» бөлімін 2019  жылы  жақсы бағамен бітіріп, арнаулы  Дипломмен марапатталды.
      Сүйікті ісі: Асханада анасымен бірге дәмді тәттілер пісіру. Қолы бос кезінде домбыра тартып, сурет салу, тоқыма тоқумен айналысу – оның ерекше қыры.
      Арманы: Мектепті алтын белгімен тәмамдап, жоғары білімді маман атану. Отанына адал қызмет жасап, ел әлеуетінің дамуына өз үлесін қосу. Әулетінің мақтан тұтар азаматшасына айналу –  дара болмысын аша түсері анық. 





Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости